ТЫҒЫЗ КУЛОНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Авторлар

  • Ю.В. Архипов КазНУ им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • A. Аскарулы КазНУ им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • А.Б. Ашикбаева КазНУ им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-0706-2688
  • Д.Ю. Дубовцев КазНУ им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • С.А. Сызганбаева КазНУ им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • И.М. Ткаченко Валенсийский политехнический университет, Валенсия, Испания https://orcid.org/0000-0001-8767-0581
        40 13

Аннотация

Осы жұмыста біз жартылай өзгешеленген екі компонентті (сутегі) тығыз толықтай иондалған плазманың динамикалық сипаттамаларын зерттеу нәтижелерін ұсынамыз. Екі компонентті плазманың (ЕКП) динамикалық құрылымдық факторларын анықтау үшін интерполяциянғанмомент әдісі қолданылған, бұл тәсілдің классикалық момент әдісінен ерекшілігі ол жиілік моменттерді жеңілдетілген қатынастармен есептелетіні болып табылады. Алынған нәтижелердің компьютерлік модельдеу деректерімен жақсы келісілгені көрсетілді. Диэлектрлік функция тығыз бір компонентті плазмадағы Неванлинна параметр функциясы үшін бұрынырақ алынған өрнектерден, яғни әртүрлі шамалы моменттердің қатынасы арқылы есептелген. Сондықтан, осы мақалада сол модель екі компонентті плазма үшін пайдаланылады. Тығыз, жартылай өзгешеленген плазманың диэлектрлік функциясы үшін табылған өрнектер арқылы, плазма толқындарының дисперсиясы және диссипациясы анықталған және де ұзын толқынды диапазонында сол толқындардың әлсіреу декременті жиіліктен аз екенін көрсетілгендіктенолар меншікті толқындар болып табылатыны да көрсетілген.Бұрынырақ қолданылған әдістерден осы жұмыста ұсынылған әдістің ерекшілігі ол қиыстырып келтірген параметрді қолданбайтыны және де есептеулерді жүргізу үшін плазманың параметрлерін білу ғана қажет екені.

Жүктелулер

Как цитировать

Архипов , Ю., Аскарулы A., Ашикбаева, А., Дубовцев, Д., Сызганбаева, С., & Ткаченко, И. . (2021). ТЫҒЫЗ КУЛОНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 19(2), 82–87. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/64