МЕТАЛЛ НЕГІЗІНДЕГІ МӨЛДІР ЖӘНЕ ӨТКІЗГІШ ЖҰҚА ҚАБЫҚШАЛЫ ЖАБЫНДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

  • А.С. Аймағамбетова Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
  • Қ.А. Тауасаров Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
        44 9

Аннотация

Зерттеу объектісі магнетрондық тозаңдату арқылы қондырылған (мырыш, қалайы) металл тотықтары. Бұл жұмыста ZnO және SnO2 металл тотықты жартылайөткізгіштерінің жұқа қабықшалардың элетрофизикалық қасиеттері зерттелінді. Реактивті магнетрондық тозандату әдісі арқылы металл тотықты қабықшалар алудың технологиялық режимі жасалынды. Қабықшаларды алу процессі кезінде төсеніш температурасы, шандату процецінде қысым мен газдық атмосфера, разряд қуаты сияқты технологиялық параметрлер өзгертіліп тұрды. Қалайы мен мырыш тотықтарының мөлдірлік коэффициенті мен меншікті кедергілерінің төсеніш температурасы мен жұмыс газындағы оттегі концентрациясынан тәуелділігі зерттелінді, қабықшаларды алу процесінің оңтайлы параметрлері анықталды. Байқалатын тәуелділіктер қабықшаның құрамының өзгеруімен және стехиометриядан ауытқуымен түсіндіріледі. Қабықшалар қасиетінің жасыту температурасынан, жасыту процесі кезінде атмосфераның газдық құрамынан тәуелділігі анықталды. Электрлік кедергілері төмен жоғары мөлдір металл тотықты қабықшалар алынды.

Жүктелулер

Как цитировать

Аймағамбетова A., & Тауасаров K. (2020). МЕТАЛЛ НЕГІЗІНДЕГІ МӨЛДІР ЖӘНЕ ӨТКІЗГІШ ЖҰҚА ҚАБЫҚШАЛЫ ЖАБЫНДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 19(1), 72–77. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/46