ГЕОМАГНИТТІК ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША ӘР ТҮРЛІ СЕЙСМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ МАКСИМАЛДЫ МҮМКІН БОЛА АЛАТЫН МАГНИТУДАСЫН БАҒАЛАУ
Аннотация
Геомагниттік деректер әлемнің сейсмикалық белсенді аймақтарындағы жер сілкінісі максималды мүмкін бола алатын магнитудасын анықтаудың дамыту тәсілдерін зерттеуді жалғастырады. Зерттеулердің негізінде барлық планетелар үшін мынандай эмпирикалық қатынастар алынды: Mmax = a + b {log [abs (ZGSM)]}, мұндағы ZGSM геомагниттік өрістің халықаралық сілтемелі моделі арқылы есептелінген сейсмикалық оқиғалары кезінде жер сілкінісінің кіндігіндегі геомагниттік Z-компоненттерінің мәні, ал а, b - эмпирикалық коэффициенттері болып табылады. Жүргізілген қарым-қатынастар барлық планеталар үшін R = 0,91 корреляция коэффициенті эксперименттік деректерден алынған нәтижелермен сәйкес келеді, дегенмен, Алматы сейсмикалық белсенді аймағы үшін есептелген корреляция коэффициенті R = 0.999-ны құрайды, бұл мүмкін ағымдағы сейсмикалық оқиғалардың магнитудасының шамасын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін жергілікті сейсмологиялық желісінің жоғары сезімталдығымен байланысты екенін көрсетеді. Күн- магнитосфералық геоцентрлік координат жүйесінің (ZGSM) геомагниттік Z -компонент мәндері мен Еуразиялық ауданы ішкіплиталы сейсмикалық, Сан-Андреауыспалы сынығы және Зонд Субдукция аймақтары үшін жер сілкінісінің (Мmах) максималды мүмкін бола алатын магнитудасының мәндері арасындағы сызықтық тәуелділігінің эмпирикалық коэффициенттері алынды. Есептеулер магнитудасы 4,5 немесе одан да көп жер сілкіністері үшін жаһандық сейсмологиялық NEIC каталогының деректерінің негізінде жүргізілді.

