ОКСИДТІ НАНОМАТЕРИАЛДАРДЫ СИНТЕЗДЕУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • Ә.Р. Әсембаев Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан
  • М.Ф. Кәдір Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-3976-5110
  • Ж.К. Калкозова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-4826-1678
        51 20

Аннотация

Тәжірибелік жұмыс барысындаоксидті наноматериалдарды синтездеу әдістері игеріліп, гидротермалды синтез әдісі және золь - гель әдісі арқылы мырыш оксидінің жұқа қабыршақтары мен наностержндері өсірілді. Золь - гель әдісінің басқа синтездеу әдістерінен негізгі артықшылығы бастапқы реагенттер мен компоненттердің жоғары дәрежеде гомогенизациясы болып табылады. Осындай нәтижеге бастапқы заттардың тұздары (нитраттар мен карбонаттар) мен оксидтерінің алғашқы ерітіндіде еруі арқылы қол жеткізе аламыз. Золь-гель әдісі дәстүрлі синтездеу әдістерімен салыстырғанда синтездің оңай технологиялық схемасымен, қондырғының қарапайымдылығымен. қолданылатын реагенттердің аз мөлшерінің қолданылуымен ерекшеленеді.Нанокурылымды материалдарды синтездеудің золь - гель әдісі аркылы мырыш оксидінің жұқа қабыршақтарын алудың технологиялық шарттарын меңгеру, олардың морфологиялық және оптикалық қасиеттерін зерттеу, сондай ақ, гидротермалды синтездеу әдісі арқылы мырыш оксидінің наностержендері алу мақсаттары орындалды. Оксидті жартылайөткізгішті наноматериалдарды өсірудің тиімдіпараметрлері (реагенттердің концентрациясы, синтездеу уақыты және температурасы, күйдіру температурасы) анықталды. Алынған үлгілердің құрылымдық қасиеттері, морфологиясы, шағылу спектрлері, оптикалық өткізу және жұту спектрлері өлшенді. Реагенттердің концентрациясы мен синтезделу параметрлерінін өзгерісі алынған соңғы өнімге қандай деңгейде әсер ететіні көрсетілген.

Жүктелулер

Как цитировать

Әсембаев, Ә. ., Кәдір, М. ., & Калкозова, Ж. . (2020). ОКСИДТІ НАНОМАТЕРИАЛДАРДЫ СИНТЕЗДЕУ ӘДІСТЕРІ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 19(1), 87–92. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/48