СЫРТҚЫ ЭЛЕКТР ӨРІСІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖАРТЫЛАЙ ИОНДАЛҒАН СУТЕКТІКВАЗИКЛАССИКАЛЫҚ ПЛАЗМАДАҒЫ БӨЛШЕКТЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУ ПРОЦЕСТЕРІ

Авторлар

  • K.M. Туреханова Казахский Национальный университет им. аль-Фараби, Алматы https://orcid.org/0000-0003-4662-7290
  • А.Б. Бақтиярова Казахский Национальный университет им. аль-Фараби, Алматы
        38 27

Аннотация

Инерциалды термоядролық синтезді жүзеге асыратын қондырғыларда пайдаланылатын идеал емес плазма және онда болып жатқан әртүрлі процестер көптеген жұмыстарда зерттелген. Тығыз плазманың кинетикалық, тасымалдау, термодинамикалық және оптикалық қасиеттері туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін зерттеу жұмыстары үлкен қызығушылық тудырады. Сыртқы электр өрісінде орналасқан плазмадағы әртүрлі ауытқулардың негізгі көзі электрондар болып табылатындықтан, соқтығысу процестерін зерттеу кезінде электрондардың зымырау құбылысын ескеру қажет. Бұл жүмыста сыртқы электр өрісінде орналасқан жартылай иондалған сутекті квазиклассикалық плазмадағы соқтығысу процестерінде кездесетін электрондардың зымырау құбылысы қарастырылған. Идеал емес классикалык және квазиклассикалык модельдер негізінде бөлшектердің үйкеліс күшінің байланыс және тығыздық параметрлерінен тәуелділіктері және электр өрісінің критикалық кернеуліктері анықталған. Эффективті потенциал негізінде өзара әсерлесетін бөлшектердің үйкеліс күші байланыс параметрінің кейбір мәндерінде төмендейтіні байқалған. Бұл байланыс параметрі ұлғайған сайын бөлшектердің шашырау қимасының төмендеуімен байланысты. Тығыз плазманың псевдопотенциалды моделі негізінде алынған критикалық кернеуліктің мәндері Дебай потенциалы негізінде алынған мәндерге қарағанда төмен орналасқан.

Жүктелулер

Как цитировать

Туреханова K., & Бақтиярова, А. . (2020). СЫРТҚЫ ЭЛЕКТР ӨРІСІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖАРТЫЛАЙ ИОНДАЛҒАН СУТЕКТІКВАЗИКЛАССИКАЛЫҚ ПЛАЗМАДАҒЫ БӨЛШЕКТЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУ ПРОЦЕСТЕРІ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 19(1), 55–60. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/44