АЛЬТЕРНАТИВТІ ФАЗАЛЫ ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ РАЗРЯДТА КОМПЛЕКСТІ ПЛАЗМАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл жұмыста баламалы циклы бар жоғары жиілікті разрядта кешенді плазманың қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Баламалы циклы бар жоғары жиілікті разрядта ұяшықтағы бөлшектер және Монте-Карло әдістерімен кешенді плазманың қасиеттерін компьютерлік моделдеу жүргізілді. Баламалы циклы бар жоғары жиілікті разрядта плазма сипаттамаларының кеністік-уақыттық таралулары алынды. Жоғары жиілікті разрядқа баламалы циклы бар сигнал қосу плазманың сипаттамаларын айтарлықтай өсуіне әкелетіні көрсетілді. Баламалы циклы бар кернеу жағдайдайында, электрондардың динамикасы айтарлықтай өзгереді. Электрондардың күшті қызуы электрод маңындағы қабаттардың тез кеңейуіне әкеледі, демек ол гармоникалық қоздырылған жоғары жиілік жағдайымен салыстырғанда иондар мен электрондардың тығыздығының және электронның температурасының жоғары көтерілуіне алып келді.

