ЫСТЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ НОРМАЛАНҒАН ЭНТРОПИЯСЫ

Авторлар

  • А.С. Бейсебаева Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • С.А. Хохлов Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан
        44 27

Аннотация

Жұмыс астрофизикалық объектілерден келетін сигналдарды компьютерлік модельдеу әдісімен энтропиялық сипаттамаларын анықтауға арналған. Астрофизикалық сигналдардың мультифракталдық қасиеттерін сипаттау мүмкіндігі көрсетілген. Айнымалы жұлдыздардың күйін сипаттау үшін энтропиялық-метрикалық диаграмма тұрғызу әдістерін зерттеуге арналған және айнымалы жұлдыздар типтерін (Кит шоқжұлдызындағы Мира типтес жұлдыздар, эруптивті айнымалылар, симбиотикалық айнымалылар, және т.б.) топтастыратын сандық сипаттамалар анықталды. Герцшпрунг-Рессел диаграммасын толықтыратын айнымалы жұлдыздардың жаңа физикалық заңдылықтарын ашып көрсететін теориялық, сандық классификациялау мүмкіндіктері көрсетілді. Жалтырауының уақыт қатарымен алынған айнымалы жұлдыздардың әртүрлі типтерін сандық түрде классификациялайтын жаңа әдістері көрсетілді: цефеидтер, тұтылмалы айнымалы жұлдыздар, қызыл алыптар, ақ ергежейлілер, жұлдыздық диагарамманың бас тізбек жұлдыздары және т.б. Тәуелділіктерді тұрғыза отырып табиғаты әртүрлі сигналдарды стохастикалық, өзқауымды, өзұқсас, регулярлы, өзқауымдылық шартты- белгілері бойынша сандық классификациялауға болады, сәйкесінше нәтижеге негізделе отырып астрофизикалық процестердің физикалық табиғаты бойынша қорытынды жасауға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Бейсебаева, А. ., & Хохлов, С. . (2020). ЫСТЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ НОРМАЛАНҒАН ЭНТРОПИЯСЫ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 19(1), 38–43. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/41