ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ИНВЕРСИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУА ЛАСТАНАУЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPEOS202527343
        25 16

Кілттік сөздер:

температураның инверсиясы, ауаның ластануы, Павлодар, РМ 2.5, жылу электр станциясы, жел бағыттары, халық денсаулығы, ластануды азайту тәсілдері, зиянды компоненттер, ауыр металлдар, жер бедері

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі Павлодар қаласының ауасының ластануы мен оған температура инверсияларының әсері қарастырылады. Павлодар жылуэлектр орталығы (ЖЭС), ірі химиялық және металлургиялық кәсіпорындардағы жақын аймақтар мен негізгі тасымалдану бағыттары талқыланады. Зиянды компоненттердің едәуір бөлігі қолайсыз метеорологиялық факторлар жағдайында түзілетіні, олардың ішінде температуралық инверсиялар шешуші рөл атқаратыны атап өтіледі. Бұл атмосфералық құбылыстар ауа қабаттарының тік бағытта қозғалысының табиғи процестерін бұзады, нәтижесінде ластаушы компоненттер жер қабатында жиналып, онда ұзақ уақыт сақталады. Зерттеу жұмысында температура инверсиясының қалыптасуының физикалық механизмдері, оның ішінде ауа тығыздығының өзгерісі, атмосфералық қабаттар арасындағы жылу алмасу, жел жылдамдығының биіктікке тәуелділігі, сондай-ақ тоқырау құбылыстарын туғызатын жер бедері мен қала құрылысының ерекшеліктері түсіндірілген. Ластанған атмосфераның химиялық құрамы қарастырылады: негізгі назар отынды жағы және өнеркәсіптік қондырғылардан бөлінетін РМ 2.5 ұсақ бөлшектерге, азот оксидтеріне, ауыр металдар, күкірт диоксидіне, көміртегі тотығына және басқа да қосылыстарға аударылады. Бұл компоненттер халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді, жедел және созылмалы респираторлық ауруларды тудырады және сонымен қатар, жүрек-қантамыр, онкологиялық патологиялардың қауіпін арттырады. Алынған мәліметтер мен әлемдік тәжірибені талдау негізінде тұрақты температура инверсиялары жағдайында ауаның ластануын азайтудың ғылыми негізделген тәсілдері ұсынылған. Мақаланың негізгі бағыты тұрақты температура жағдайында өнеркәсіптік өндірістің атмосфераға әсерін бағалау болып табылады. Сондай-ақ инверсиялардың жиілігі мен ұзақтығы, олардың маусымға және климаттың өзгерісіне тәуелділігі талданады.

Авторлардың биографисы

A.А. Жадыранова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Жадыранова Алия Амирбековна – PhD, жалпы және теориялық физика кафедрасының доценті (м.а.), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, e-mail: a.a.zhadyranova@gmail.com

K.Ш. Жумадилов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Жумадилов Касым Шаймарданович – PhD докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Физика-техникалық факультеттің ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан, e-mail: zhumadilovk@gmail.com)

Ж.A. Байгазинов, АО «Парк ядерных технологий»

Байгазинов Жанат Абылканович – PhD, биология ғылымдарының кандидаты, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы,  (Курчатов, Қазақстан, e-mail: zh.baigazinov@gmail.com).

Д.K. Аншокова , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Аншокова Дина Қуанышқызы – магистрант, жалпы және теориялық физика кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, e-mail: anshokova06@gmail.com).

Н.Ж. Мухамедияров, АО «Парк ядерных технологий»

Мухамедияров Нұрлан Жумагазыевич – химия магистрі, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ (Курчатов, Қазақстан, e-mail: nurlan.eventumlab@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Жадыранова A., Жумадилов K., Байгазинов, Ж., Аншокова , Д., & Мухамедияров, Н. (2025). ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ИНВЕРСИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУА ЛАСТАНАУЫНА ӘСЕРІ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 27(2), 27–34. https://doi.org/10.26577/JPEOS202527343