ТЫҒЫЗ ПЛАЗМАДА ЭФФЕКТИВТІ ПОТЕНЦИАЛ НЕГІЗІНДЕ КУЛОН ЛОГАРИФМІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл жұмыста инерциялық термоядролық синтездің тығыз плазмадағы кулондық логарифмін зерттеу жүргізілді. Бөлшектердің әсерлесуінің эффективті потенциалы негізінде екі температуралы, изотермиялық емес, тығыз плазма үшін Кулон логарифмі алынды. Бұл потенциал екі температуралы плазмада кіші ара-қашыктықта квантты-механикалық дифракция эффектісін, үлкен ара-қашықтыкта экрандалу эффектісін ескереді. Кинетикалық тасымалдау теориясында кулондық логарифмді есептеудің әртүрлі әдістері және иондардың үлесімен немесе үлесінсіз плазмалық экрандалудың тұрақтыларын тандаудың әр түрлі варианттары мен электрондардың толқындық вектор мәндері қарастырылды. Азғындалмаған плазмада ион компонентінің үлесінің әсері кішігірім, ал азғындалған плазмада экрандалу электрондық компонент арқылы анықталса, иондардың үлесін ескеру қажет екені анықталды. Тығыз плазмадағы кулондық логарифмді білу диффузия, жылу өткізгіштік, электрөткізгіштігі, электр қуатын тоқтату, температура релаксациясы және т.б. сияқты көптеген процестерді сипаттау үшін қажет. Сондай-ақ, кулон логарифмінің мәнін дұрыс анықтау өте маңызды, өйткені ол әртүрлі қолданбаларда, оның ішінде Монте-Карло моделдеуі, ұяшықтағы бөлшектердің әдісі, сондай-ақ тозанды плазма, ультрасалқын плазма, лазерлік абляция, ИТС және басқа жүйелерде пайдаланылады.

