КВАНТТЫҚ НҮКТЕНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СПЕКТРІН ОСЦИЛЛЯТОРДА ӨРНЕКТЕУ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i3-4.i3
        35 5

Кілттік сөздер:

кванттық нүкте, кванттық жүйе, энергетикалық спектр, осцилляторда өрнектеу әдісі

Аннотация

Жұмыста сыртқы магнит өрісінде орналасқан екі электронды кванттық жүйенің энергетикалық
спектрі осцилляторда өрнектеу әдісімен анықталады. Энергетикалық спектрі параболалық
конфайнмент потенциалы үшін ангармониялық түзетуді ескере отырып есептелінді. Осы
жағдайлар үшін энергетикалық спектрдің ауытқуына талдау жасалды. Күшті магнит өрістерінде
екі электронды жүйе үшін қарпу потенциалының параболалық сипаты туралы гипотеза өте
орынды екендігі анықталады. Мұндай жүйенің қарапайым өкілі болып табылатын екі электронды
кванттық нүктелердің қасиеттерін бақылау және басқару мүмкіндігі оларды болашақ
компьютерлер үшін жаңа элементтер базасы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Шағын
бөлшекті электронды жүйелер теориялық және эксперименттік тұрғыдан үлкен қызығушылық
тудырады. Бүгінде электрондық құрылғыларға арналған жартылай өткізгіш наноқұрылымдардың
алуан түрлілігіне қарамастан, жақсартылған сипаттамалары бар материалды іздеу процесі
жалғасуда. Өнеркәсіпте наноматериалдарды пайдалану қарқыны тез өсуде, бұл жаңа нысандарды
құру үшін синтез әдістерін әзірлеуді ынталандырады. Жаңа кванттық-өлшемді құрылымдарды
құру жүріп жатқан кванттық механикалық процестердің ішкі құрылымын нақты түсінуді талап
етеді. Жұмыс барысында кванттық нүктенің энергетикалық спектрі параболалық конфайнмент
потенциалы үшін ангармониялық түзетуді ескере отырып есептелді. Ол үшін энергия спектрінің
тербелістеріне талдау жасалды. Сыртқы магнит өрісіндегі екі электронды кванттық нүктенің
энергетикалық спектріне зерттеу кванттық нүктенің сипаттамаларын басқаруға мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Нурлан, К. ., & Жаугашева, С. . (2023). КВАНТТЫҚ НҮКТЕНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СПЕКТРІН ОСЦИЛЛЯТОРДА ӨРНЕКТЕУ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 25(3-4), 48–55. https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i3-4.i3