БЕРЕЛ АЙМАҒЫНАН ТАБЫЛҒАН АДАМНЫҢ СҮЙЕК ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЕЖЕЛГІ ПАТОГЕНДІ МИКРОАҒЗАЛАРҒА ПАЛЕОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Л.З. Мусралина ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» РМК, популяциялық генетика зертханасы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8591-890X
  • Н.К. Алтынова ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» РМК, популяциялық генетика зертханасы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3239-2822
  • Э.М. Хусаинова ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» РМК, популяциялық генетика зертханасы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3254-3125
  • Ж.А. Жаниязов «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0893-8162
  • Б.О. Бекманов ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» РМК, популяциялық генетика зертханасы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2232-0481
  • З.С. Самашев «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7171-3003
  • Л.Б. Жансүгірова ҚР БҒМ ҒК «Генетика және физиология институты» РМК, популяциялық генетика зертханасы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6745-9903
        74 42

Аннотация

Соңғы онжылдықтары геномика саласында ежелгі ДНҚ-ны зерттеуде және ежелгі ағзалардың толық геномдарын қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге жеткізген жоғары өнімділігі бар секвенирлеу нәтижесінде үлкен өзгерістер болды. Бұл саланың жаңадан пайда болған тармағы, ежелгі патогендердің геномикасы, микробтардың эволюциясын терең зерттеуді ұсынады, бұл адамға байланысты қоздырғыштардың молекулалық қазба жазбалары. Бұл жұмыс Қазақстанның Алтай өлкесінен жиналған ежелгі адамдардың тістерін зерттеуден алынған ежелгі патогендер бойынша алынған нәтижелері. Шығыс Қазақстан аймағынан 2005-2018 жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде іріктелген  27 индивидке ежелгі патогенді микроағзаларды зерттеу мақсатында палеогенетикалық анализ жасалынды. Зерттеу нәтижесінде Берел қорғанынан Enterobius vermicularis, Escherichia coli, Fusobacterium nucleatum, Hepatitis B Neisseria gonorrhoeae, Porphyromonas gingivalis, Streptococcus anginosus, Streptococcus gordonii, Streptococcus mutans, Streptococcus pneumaniae, Tannerella forsythia, Treponema denticola, Trichinella spiralis анықталды. Осы зерттеулердің барлығы ежелгі аурулардың қоздырғыштарын сенімді түрде анықтауды қамтиды, олар қазіргі кезде халықтың денсаулығына қатысты болып қалады. Бұрын оба мен алапестің қоздырғыштарынан басқа, көптеген патогендік микроорганизмдер қоздырған басқа да жұқпалы аурулар болғандығы айқындала түсуде. Ежелгі патогендердің генетикалық сипаттамаларын талдау гипотетикалық жаңа пандемиялар немесе індеттер тудыруы мүмкін микроорганизмдердің қазіргі штамдарының эволюциясын түсінуге мүмкіндік береді

Жүктелулер

Как цитировать

Мусралина, Л., Алтынова, Н., Хусаинова, Э., Жаниязов, Ж., Бекманов, Б., Самашев, З., & Жансүгірова, Л. (2021). БЕРЕЛ АЙМАҒЫНАН ТАБЫЛҒАН АДАМНЫҢ СҮЙЕК ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЕЖЕЛГІ ПАТОГЕНДІ МИКРОАҒЗАЛАРҒА ПАЛЕОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 23(1-2), 59–68. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/301