КҮМІС НАНОСЫМДАР НЕГІЗІНДЕ МӨЛДІР ӨТКІЗГІШ ЖАБЫНДЫЛАРДЫ ЖАСАУ

Авторлар

  • G Demeuova Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Казахстан http://orcid.org/0000-0003-4919-9180
  • B Amanzhulov Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазахстан http://orcid.org/0000-0002-3598-1633
  • M Kaikanov Астана Ұлттық Лабораториясы, Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазахстан http://orcid.org/0000-0003-1696-6953
        10 21

Аннотация

Мақалада синтезделген күміс наносымдар (AgNWs) негізінде жасалған мөлдір өткізгіш жабындылардың параметрлерін эксперименттік зерттеу нәтижелері келтірілген. Күміс наносымдар полиол әдісінің құрастырылған модификациясы арқылы синтезделген. Алынған наносымдардың диаметрі 60-80 нм, ал ұзындығы 20-30 мкм. Мөлдір төсеніштерге (микроскопиялық әйнектер, 5х2,5 см2 ) AgNWs спин-коутинг арқылы салынған. Нәтижесінде мөлдірлігі 77-ден 91% -ға дейінгі әртүрлі жабындар жасалынған. AgNW-дан тұратын перколяция желісінің өткізгіштігін жақсарту үшін жабындыларды кейінгі өңдеудің екі әдісі қолданылды: дәстүрлі термиялық қыздыру әдісі (220 °C температурасында 40 c), сондай-ақ төменгі температуралы әдіс - AgNWs-дың ток өткізгіш қабатының бетіне PEDOT:PSS қосымша жабындысын салу. Өткізгіш жабындысының 91% мөлдірлігінде термиялық қыздыру беттік электрлік кедергіні 380-нен 43 Ом/шаршыға дейін төмендетуге мүмкіндік беретіні анықталды. PEDOT:PSS қосымша жабындысын термиялық өңдеусіз жағу жабындының беттік кедергісін 19 Ом/шаршыға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл кезде мөлдірлігі 88%-ға дейін елеусіз төмендейді . Өткізгіш жабындылар мөлдір қыздырғыш ретінде сыналды. 12 В потенциалдар айырмасы кезінде жеткен максималды температура 140 ° С болды

Жүктелулер

Как цитировать

Demeuova, G., Amanzhulov, B., & Kaikanov, M. (2021). КҮМІС НАНОСЫМДАР НЕГІЗІНДЕ МӨЛДІР ӨТКІЗГІШ ЖАБЫНДЫЛАРДЫ ЖАСАУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 23(3-4), 4–12. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/298