ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС, ЖАСАНДЫ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ КООПЕРАТИВТІК ҮЙІР АЛГОРИТМІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН АЛГОРИТМ ҚҰРУ
Кілттік сөздер:
Smart-технология прогнозирования, зависимость «структура- свойство/активность» (QSAR), кооперативный алгоритм роя частиц, искусственные им- мунные системы, OWL модель, лекарственные препаратыАннотация
Мақала дәрілік қосылыстардың «құрылым-қасиет/белсенділік» тәуелділігін (QSAR) болжау үшін кооперативтік үйір алгоритмі мен жасанды иммундық жүйелер негізінде жаңартылған алгоритм құруға арналған. Дескрипторлардың оңтайлы жиынтығын құру кооперативтік үйір алгоритмінің негізінде жүзеге асырылады. Дәрі- дәрмектің кандидат-молекулаларын тану және болжау жасанды иммундық жүйелер (ЖИЖ) арқылы орындалады. Құрастырылған жаңартылған алгоритм оңтайлы деректер жиынтығының арқасында оқу уақытын қысқартуға және болжамдаудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Деректерді жүйелеу және бағдарламалық жасақтаманы құруды жеңілдету үшін Protégé онтологиялық редакторында кооперативтік үйір алгоритмінің OWL моделі құрылды. Сульфаниламид деректер базасын пайдалана отырып моделдеу нәтижелері келтірілді.

