Авторларға арналған ақпарат

ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясында материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жүйеге тіркелу немесе кіру «Материалдарды жіберу» бөлімінде қол жетімді.

Мақала электронды форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) тек журнал веб-сайтының (Open Journal System) функционалында жүктеу арқылы беріледі.

Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):

Мақаланы жариялау үшін орыс, қазақ немесе ағылшын тілінде журналдың серия/профиліне сәйкес, бұрын соңды автормен (авторлармен) жарияланбаған материал қабылданады.

Мақала келесі бөлімдерден тұру керек: аңдатпа, түйін сөздер, кіріспе, тәжірибе бөлімі (материалдар және әдістер), нәтижелер және талқылау, қорытынды, әдебиет тізімі.

Мақаланың электронды нұсқадағы файлының атауы латын әріптермен бірінші автордың фамилиясынан басталуы керек (мысалы, doc(rtf)); мақала беттері нөмірленуі тиіс.

Мақаланы рәсімдеу ережелері: гуманитарлы бағыт үшін мақаланың минималды көлемі – А4 форматындағы 5 бет, жаратылыстану бағыты үшін – 3 бет. Шрифт TimesNewRoman (грек символдарымен қоса), негізгі мәтін шрифтінің размері – 12, ӘОК, авторлар, тақырыбы – 12, аңдатпа, түйін сөздер, әдебиет – 10, кесте мәтіні – 11-9 (кесте өлшеміне байланысты), жоларалық интервал – 1,0; белгілеу үшін курсив қолданылады. Ені бойынша түзету, абзацты шегініс – 0,8 см; жоғарғы жиек -2, төменгі – 2, сол жақ – 2, оң жақ – 2; қалыпты гарнитура.

Бірінші парақта Әмбебап ондық классификация бойынша индексі көрсетіледі (ӘОК)  - жоғарғы бұрышында сол жақта; кейін мақала тілінде (1 пунктте көрсетілген тілдердің бірінде):

  • автордың (авторлардың) аты-жөні;
  • автор (авторлар) жұмыс істейтін ұйымның толық атауы, аббревиатураның толық атауы, ел атауы (шетел авторлары үшін);
  • байланыс үшін автордың e-mail поштасы;
  • аңдатпа (100-200 сөз);
  • түйін сөздер;
  • жоғарыда көрсетілген мәліметтер 1 пунктте көрсетілген басқа екі тілде аударылуы тиіс;
  • мақала мәтіні.
    Мақала мәтіні (шолу мақаласынан басқа) келесі бөлімдерден тұру керек: кіріспе, тәжірибе бөлімі, нәтижелер және талқылау, қорытынды, алғыстар, библиографиялық тізім.

Мәтінде суреттер, сызбанұсқа және графиктерге сілтеме жасалынған соң электронды түрде суретті сипаттайтын тақырыбы көрсетіліп, кеңейтілуі *.jpeg, *.tifс, сурет айқындығы 300 dpi-нен кем емес   стандартты графикалық форматта ұсынылады.

Библиографиялық тізім мақала соңында бөлек тізіммен мақала тілінде және ағылшын тілінде ГОСТ 7.1–2003 «Библиографиялық тізім. Библиографиялық сипаттамасы. Жалпы ережелер және құрастыру ережелері» сәйкес рәсімделеді. Мақала мәтінінде әдебиет тізіміне сілтеме тек квадратты жақшада (дәйексөзсіз [12], автор сөзін келтіргенде немесе автор мәтінін мазмұндағанда [12, б. 29]) беріледі. Мақалада сілтемелерді нөмірлеу әдебиет тізімінде келтірілген реттік нөмірмен көрсетіледі. Мұрағатты материалдар әдебиет тізіміне кірмейді, оларға сілтеме дөңгелек жақшамен мәтін ішінде беріледі. Мақалада электронды ресурстар немесе қашықтықтан ақпарат алмасу (ғаламтор желісі) көзінен алынған материалдар қолданылған жағдайда, әдебиет тізімінде ғаламтордағы толық желілік адресі келтірілген желілік ресурсқа сілтеме жасалып, алынған ақпараттың библиографиялық жазылуы көрсетіледі. Ғаламтор ресурсынан материалдардың алынған күнін көрсеткен жөн. Ағылшын тіліндегі әдебиет тізімінде басқа тілдегі сілтемеден кейін мақала түпнұсқасының тілі көрсетіледі. Кітаптарға жасалынған сілтемеден кейін ISBN (10- немесе 13-таңбалы) келтіріледі.

Мақаланың ағылшын тіліндегі көшірмесі болған жағдайда, ағылшын тіліндегі әдебиет тізімінде дәл өзіне сілтеме жасалуы тиіс.

http://images.webofknowledge.com/WOK46/help/WOS/0-9_abrvjt.html. ғаламтор көзінен алынған журналдардың атаулары қысқартылады.

Халықаралық рецензияланатын журналдар мен ҚазҰУ Хабаршысында жарияланған мақалаларға жасалынатын барлық сілтемелер үшін. Химиялық сериясы үшін DOI (DigitalObjectIdentifier) көрсету қажет. DOI мақаланың PDF версиясында көрсетілуі керек және/немесе мақаланың негізгі ғаламтор парақшасында, сонымен қатар CrossRef: http://www.crossref.org/guestquery/ іздеу жүйесін қолдануға болады.

Ағылшын тіліндегі әдебиет тізімін рәсімдеудің мысалдары http://bulletin.chemistry.kz парақшасында көрсетілген.

а. Халықаралық журналдағы мақала

1 Karlesky DL, Ramelow G, Ueno Y (1987) Environ Pollut 43:195-207. DOI: 10.1016/0269-7491(87)90156-4

Журнал атауынан кейін том мен басылым номері көрсетіледі.

1. Ағылшын тіліндегі нұсқасы жоқ орыс тіліндегі мақала

Burmistrova NA, Sycheva VO, Churikov AV, Ivanischeva IA (2009) Electrochemical Energetics [Elektrohimicheskayaenergetika] 9:188-189. (In Russian)

2.Alimzhanova MB, Doszhan GN, Kenessov BN, Batyrbekova SY, Nauryzbayev MK (2009) Chemical Bulletin of Kazakh National University 2:139-144. (In Russian) DOI: 10.15328/chemb_2009_2139-144

d. ҚазҰУ Хабаршысында жарияланған мақала. http://bulletin.chemistry.kz сайтында жаряланбаған химиялық сериясы:

Kenessov BN, Kalugina SM, Alimzhanova MB, Baimatova N, Batyrbekova SY (2007) Chemical Bulletin of Kazakh National University 5:73-77. (In Russian)

е. Кітаптар:

Mirsal IA (2008) Soil pollution: origins, monitoring and remediation, second edition.Springer, Germany. ISBN: 978-3-540-70777-6

Lazarev AI, Kharlamov IP, Yakovlev PY, Yakovleva EF (1976) Handbook of Analytical Chemist [Spravochnikhimika-analitika]. Metallurgiya, Moscow, Russia. (In Russian)

f. Конференция материалдары:

Mohammed M.A. (2012) Treatment techniques of oil-contaminated soil and water aquifers.Proceedings of International Conference on Water Resources and Arid Environment, Riyadh, Saudi Arabia.P.123.

g. Патенттер:

YergozhinYeYe, Solomin VA, Lyapunov VV, Tsukerman VG (2000) A method for determination of 1,1-dimethylhydrazine and nitrosodimethylamine [Metodopredeleniya 1,1-dimetilgidrazina initrosodimetilamina]. Preliminary Patent of the Republic of Kazakhstan [Predvaritelnyi patent Respubliki Kazakhstan]. (In Russian)

h. стандарттар, ГОСТ:

RMG 61-2003. Indexes of accuracy, precision, validity of the methods of quantitative chemical analysis, methods of evaluation [GSI.Pokazatelitochnosti, pravilnosti, pretsizionnostimetodikkolichestvennogohimicheskogoanaliza.Metodyiotsenki]. Moscow, Russia, 2003. (In Russian)

i. Ғаламтор-парақшалары:

“Nakanune” Internet newspaper, 6 Sep. (2007) During fall, 218 tons of heptyl were in fuel tanks of “Proton” [V moment padeniya v toplivnyihbakah "Proton" ostavalos 218 tonngeptila]. http://www.nakanune.ru/news/2007/09/06/292745. (InRussian)

Әдебиет тізіміндегі латын тілінде жазылмаған барлық сөздер дұрыс транслитерациялануы керек. Транлитерация кезінде «нұсқа» опциясында LC таңдалынған translit.ru сайтымен қолданған жөн.

Жеке сайттары бар журнал/журнал сериялары үшін әдебиет тізімін рәсімдеуге қойылатын талаптар сәйкес сайттарда сипатталынған және мазмұны бойынша ерекшеленуі мүмкін.

Кестелер Word редакторында болып, тақырыбы көрсетіледі, кесте ішінде бос графалар болмау керек. Шартты қысқартулар және символдарды қосымшада айқындау керек. Формулалар стандартты MicrosoftEquation редакторында орындалады.

 Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін Mendeley Reference Manager құралын пайдалана аласыз.

Мақала жариялау құны - 2 500 теңге / бет

Реквизиттер:

 «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Индекс 050040

Мекенжай: Алматы қ.,  Әль-Фараби даңғылы 71

БИН  990140001154

КБЕ  16

АО «First Heartland Jýsan Bank»

ИИК   KZ19998CTB0000567141 – тенге

ИИК   KZ40998CTB0000567151 – USD

БИК  TSESKZKA