СУЛЬФАНИЛАМИДТЕРДІҢ ХИМИЯЛЫҚҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ «ҚҰРЫЛЫМЫ/ҚАСИЕТІ» ТӘУЕЛДІЛІКТЕРІН БОЛЖАУ ҮШІН DATA MINING ЗАМАНУИ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Аннотация
Қазіргі танда деректерді статистикалық талдау мен жасанды интеллект әдістері негізінде жаңа дәрілік препараттардың берілген фармакологиялық қасиеттерін болжаудың заманауи интеллектуалды технологияларын жасау өзекті мәселе болып тұр. Мақала RapidMiner деректерін жасанды талдауға арналған заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырыпсульфаниламидті жаңа дәрілік препараттарының компьютерлік молекулалық дизайнын зерттеуге арналған. Әлемдік орасан зор Mol-Instincts химиялық ақпараттар қорының негізіндегі сульфаниламидтердің дескипторларының дерекқоры жасалды. Басты компонен- тері мен Random Forest алгоритмінің көмегімен Rapid Miner ортасында сульфаниламидтердің дескрипторларын алдын ала өңдеудің графикалық моделі ұсынылды. Сандық модельдеудің нәтижесі алынып, 3D формасында деректерді визуализациялау жүзеге асырылды.

