ҚҰРАМЫНДА ШЕКТЕУЛІ ӨЛШЕМДІ БӨЛШЕКТЕРІ БАР ПЛАЗМАНЫҢ ТОЗАҢДЫҚ КОМПОНЕНТІНІҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Аннотация
Зерттеудің мақсаты плазманың статикалық қасиеттерін сипаттайтын өзара келісілген теорияны құрастыру, атап айтқанда тозандық компоненттің қысымын есептеу және оны Монте-Карло әдісімен жасалынған модельдеу нәтижесімен салыстыру болып табылады. Плазманың тозандық компонентінің статикалық қасиеттерін өзара келісілген түрде, яғни тозандық бөлшектердің зарядын анықтаудан бастап, тозандық компонеттің күй тендеуін қорытып шығарумен бітетін, сесептеу әдістемесі ұсынылған. Тозаң бөлшектері алдын ұсынылған олардың өлшемдерінің шектеулі екенін ескеретін, әсерлесу потенциалы арқылы өзара әсерлеседі деп есептелінеді, және де плазманың классикалық электрдинамикасы аясында алынған дұрыс шекаралық шартты қолданады. Ол үшін бөлшектің өзара әсерлесуі беткі қабаттары арасы қашықтығынан бастап есептелінеді және де бейберекет фазалар жуықтауындағы сызықты диэлектрлік үндестік теориясы қолданылады. Бөлшектің заряды зарядталу үрдісі кезінде плазмадағы бөлшектердің соқтығысуын ескермейтін, шектеулі орбитал қозғалысының жуықтауы аясында есептелінеді. Тозанды плазма бөлшектердің өлшемін ескеру үшін жабықталған, базалық гиперцептік жуықтауындағы деп аталынатын жолмен тозанды плазманың компоненттерінің радиальды функциясы таралуын және статикалық құрылымдық факторы есептелінді. Өз кезегінде бұл тозандық бөлшектердін, сипаттамалық уақыт шамасы кері Ленгмюр жиілігінен әлдеқайда кіші болатын, қайта зарядталу үрдісі ескерілген жағдай үшін тозаң-акустикалық толқындардың спектрлерін есептеуге мүмкіндік береді.