ИНЕРЦИЯЛЫҚ ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ ТЫҒЫЗ ПЛАЗМАСЫНЫҢ ТРАНСПОРТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл жұмыста инерциялық термоядролық синтез изотермиялық емес, тығыз дейтерий-тритий плазмасының транспорттық қасиеттері зерттелді. Бөлшектердің әсерлесуінің эффективті потенциалы негізінде екі температуралы, изотермиялық емес, тығыз плазма үшін Кулон логарифмі алынды. Бұл потенциал екі температуралы плазмада кіші ара-қашыктықта квантты-механикалық дифракция эффектісін, үлкен ара-қашықтыкта экрандалу эффектісін ескереді. Кулон логарифмі көмегімен изотермиялық емес тығыз плазманың тұтқырлық, диффузия және жылуөткізгіштік коэффициенттері зерттелді. Алынған нәтижелер плазманың электрондық компонентін сипаттауға арналған тығыздық функционалы теориясын қолданатын молекулалық динамика және кванттық молекулалық динамика модельдеу нәтижелерімен Г - 1 мәнінде жақсы сәйкес келеді, демек, эффективті потенциалдар әдісі бұл режимде жақсы жұмыс істейді. Алынған нәтижелер бойынша тығыз плазманың транспорттық қасиеттері эффективті потенциал негізіндегі Кулон логарифмі арқылы толык анықтала алады.

