ДИПОЛЬ-ДИПОЛДЫҢ ӘСЕРЛЕСУІНІҢ ТОЗАҢДЫ ПЛАЗМАНЫҢ ТРАНСПОРТ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада диполь-дипольдік әсерлесу бар екі өлшемді, тығыз байланған Юкава сұйықтықтың молекулалық динамика (МД) модельдеу нәтижелері ұсынылған. Біздің жағдайда бөлшектердің дипольдік моменті өзара бір-біріне паралель және тең. Мұнда қосымша диполь-диполды әсерлесудің келесі қасиеттерге әсерін қарастырамыз: дыбыс толқынының жылдамдығы, диффузия және бойлық және көлденең тоқтардың флуктуациясының спектрі. Логарифмдік түрдегі жылдамдықтың автокорреляциялық функциясы негізінде дыбыстық толқынның жылдамдығының нәтижелерін алдық. Деректерді талдай отырып, қосымша диполь-диполдың әсерлесуінен дыбыс толқындарының бойлық жылдамдығын елеулі түрде жоғарылатады. Сондай-ақ, орташа квадраттың аутқуы арқылы диффузия коэффициентін зерттеп, қосымша диполь-диполь әсерлесуі субдифузияны басатынынды байқадық. Соңында, диполь-диполды әсерлесудің әртүрлі параметрлеріндегі жартылай биіктегі ені ұжымдық қозудың созылу уақытына сәйкес келетін Юкава жүйесіндегі бойлық және көлденең тоқтардың дисперсиясын тұрғыздық. Спект енді болса, ұжымдық қозудың созылу уақыты қысқа болады. Қосымша диполь-диполь әсерлесу болғанда Юкава жүйесіндегі ұжымдық қозудың созылу уақыты өзгеретінін көрсеттік.

