ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКТОРДЫҢ ҚАБЫРҒАЛЫҚ ПЛАЗМАСЫНДА ТОЗАҢДЫ БӨЛШЕКТІҢ ДИНАМИКАСЫНА МАГНИТ ӨРІСІНІҢ ӘСЕРІ
Аннотация
Бұл жұмыста термоядролық реактордың қабырғалық плазмасында тозанды бөлшектердің динамикасына магнит өрісінің әсері зерттелді. Ұяшықтағы бөлшектер және Монте-Карло әдістері негізінде реактордың қабырға бетінде түзілген вольфрам тозанды бөлшектерінің жетілуі есептеу моделі тұрғызылды. Модельде қозғалыс теңдеулері, массалық және энергетикалық баланс тендеулері және де тозанды бөлшектердің зарядының тендеуі шешілді. Тозаңды бөлшектердің параметрлерінің (заряд, температура, радиус және жылу ағындары) тәуелділігі анықталды. Осы есептеулердің негізінде плазмадағы вольфрам тозанды бөлшектерінің өмір сүру уақыты бағаланды. Магнит өрісінің плазмадағы тозанды бөлшектердің зарядталу процесстеріне және өмір сүруіне әсер етуі мүмкін екендігі анықталды. Алынған нәтижелер магнит өрісінің тозанды бөлшектердің бетіне жылу ағынының бәсендеу себебінен оның зарядының модулін азайта отырып, өмір сүру мерзімін арттыратынын көрсетті. Сонымен қатар, магнит өрісі магнит өрісінің сызықтарының бойымен шектелген зарядталған бөлшектердің қозғалысына байланысты ұсақ тозанды бөлшектердің зарядталу уақытын арттырды.

