ТЫҒЫЗ ПЛАЗМАДАҒЫ ЗАРЯДТАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ШЫҒЫНЫ
Аннотация
Тығыз көпкомпонентті плазманың ауыр релятивистік зарядталған бөлшектерге қатысты тежелу қабілеті зерттелді. Ол үшін екі немесе көпкомпонентті плазманың, жарық жылдамдығының 85%-на жететін жылдамдықтағы жүйеге кіретін ауыр бөлшектер ағынына қатысты поляризациялық тежелу қабілетіне есептеулер жүргізілді. Мұндай жағдайлар протонографияның заманауи эксперименттерінде орындалады. Бұл жұмыста тежелу қабілеттілігі иондалған иондар плазмасының құрамына кіретін эффективті заряды бар диэлектрлік функцияны қолдана отырып есептеледі. Мақалада аз параметрді қажет етпейтін моменттер әдісі қолданылады. Әдістің математикалық негізі тепе-тендіктегі плазманың бөлшек аралық әсерлесу потенциалы шамасына тәуелді емес және берілген жуықтау статикалық есептеулер бойынша динамикалық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік береді. Соңғысы Дойч потенциалы арқылы гипертізбекті жуықтауда Орштейн - Цернике теңдеуінің шешімінен анықталды. Тежелуші бөлшектердің жылдамдықтарының өсуімен тежелу қабілетілігінің өрнегіндегі релятивистік түзетулердің ролі өсетіні көрсетілді.

