СЫМТЕКТЕС КАЛОРИМЕТРДІҢ КӨМЕГІМЕН ПЛАЗМА АҒЫНЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Аннотация
Бұл жұмыста импульсті плазманың энергетикалық қасиеттерін эксперименттік зерттеу нәтижелері көрсетілген. Эксперимент ИПҮ-30 импульсті плазма үдеткішінде жүргізілді. Плазма ағынының тогы Роговский белдігімен анықталды. Электродтар жүйесінен 25 см арақашықтықта орналастырылған сымтектес калориметрдің плазма ағынымен әсерлескенде кедергісірің өзгеретіні анықталды және сол кездегі кернеу түсуінін оциллограммалары алынды. Осы кернеу осциллограммаларын өндеу нәтижесінде, разряд кернеуіне тәуелді плазма ағынының энергия тығыздықтары есептелді. Плазма ағынынын разряд кернеуіне тәуелділік қисығы разряд кернеуі шамасы кинетикалық энергия шамасын анықтайтындығын көрсетті: разряд кернеуінің артуымен, зарядталғанбөлшектердін қозғалғыштығы жоғарылайды, сәйкесінше олардың кинетикалық энергиялары артады. Жұмыс барысында сонымен қатар сымтектес калориметрдің электрлік зонд ретінде жұмыс жасай алатындығы белгілі болды, оған кейбір осциллограммаларда анық байқалатын электрлік тізбектегі кернеу ауытқулары дәлел. Алынған зерттеу нәтижелері 13 кВ разряд кернеуінде максималды плазма ағынының тығыздық энергиясының шамасы 98 Дж/см2 тең болатындығы анықталды.