СОЛТҮСТІК ТЯНЬ –ШАНЬ ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ ӨРІСІ
Аннотация
Мақалада Солтүстік Тянь-Шань аймағының жылулық өрісін тереңдік арқылы зерттеуінің негізіндегі қазіргі заманғы геодинамикалық үдерістердің энергетикалық аспекттері қарастырылған. Аймақтың литосферасының геологиялық құрылысының қысқаша сипаттамасы көрсетілген. Жер қыртысының жылулық өрісі параметрлерінің мәліметтері жүйелендірілген және жинақталған. Олардың қатарына тау жыныстардың жылу өткізгіштігін өлшеу арқылы алынған анықтамалар мен қайтадан іске қосылған ұңғымалардың температура градиентінің анықтамалары кірді. Сонымен қатары Дүниежүзілік мәліметтер орталығының мәліметтері мен ашық дереккөздерден тау жынысының геотермиялық қасиеттері жайлы тәжірибелік мәліметтер қолданылды. Аймақтың жылулық өріс картасы келтірілген. Қауіпті құрлықтық тектоникалық аймақ үшін орташа дүниежүзілік мәліметтермен салыстыру арқылы жылулық өрістің жергілікті ерекшеліктері талданды. Солтүстік Тянь-Шань жер қыртысы үшін серпімді толқындардың жылдамдығы мен радиоактивті элементтердің ыдырау арқасында тау жыныстарының жылушығару ортасында талдамалы тәуелділік орнатылды. Терендеген сайын жылушығару элементтерінің қалыптасу зандылығы талқылануда. Жер қыртысының көлемінде мантиялық және радиогендік жылулық өрістің таралу үлгісі талқылануда және келтірілді. Аймақтың сейсмикалық белсенділігікөрсетілген салыстырмалы талдау жасалды. Сейсмикалық тәртіптің қалыптасуына температуралық жағдайдың әсерінің басымдығы жайлы нәтиже көрсетілді.

