ЫСТЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ НОРМАЛАНҒАН ЭНТРОПИЯСЫ
Аннотация
Бұл жұмыста, ыстық жұлдыздарды спектрлері бойынша, олардың бейсызық (энтропиялық және жалпылама-метрикалық) сипаттамаларына сәйкес, кластарға жіктеу мүмкіндігі көрсетілген. Жұмыста, әр түрлі жұлдыздарға тән спектрлерді информациялық-энтропиялық талдау негізінде сандық сипаттау мақсаты қойылды. Зерттеу негізіне Бас тізбек жұлдыздары мен FSCMа типті ыстық жұлдыздар (қос жүйелер) таңдалды. Осы жұлдыздар спектрлеріндегі өзгешеліктерді сандық сипаттау мүмкіндігі қарастырылды. Сандық сипаттаудың келтірілген әдісі қалыпты жұлдыздар бойынша жасалған зерттеулерде қолданылды. Алайда, бұл әдісті ыстық жұлдыздарға жалпылау бірнеше алгоритмдік қиындықтарға әкеледі. Олардың шешімдері, келтірілген зерттеулер қарсаңында ұсынылады. Нәтижесінде, спектрлердің нормаланған информациялық энтропиясының метрикалық сипаттамадан тәуелділігі тұрғызылды. FSCMа типтес жұлдыздардыңнормаланған энтропиясы өзұқсастық және өзаффинділік аймақтарында жатады, бұл объектілер өзқауымды және күрделі, хаосты құрылымға ие. Физикалық табиғатына сәйкес, қос жүйелер, ұсынылып отырған теориялық классификацияға сәйкес, өзқауымды жүйелер қатарына жатуы тиіс. Сонымен, орындалған жұмыстың нәтижесінде: информациялық-энтропиялық талдау мен жалпылама-метрикалық сипаттаманы спектрлер үшін қолдану - ыстық жұлдыздарды сандық классификациялауға мүмкіндік беретіні көрсетілді.

