УНИТИОЛАТТЫ КООРДИНАЦИЯЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДАН СИНТЕЗДЕЛГЕН НАНОҚҰРЫЛЫМДЫ КАДМИЙДІҢ ЖӘНЕ МЫРЫШТЫҢ ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада «Металл сульфидтерін бағытталған синтезарқылы унитиолатты координациялық қосылыстар негізінде жартылай өткізгіш, фотосезгіш және люминесцентті наноматериалдарды алу технологиясын жасап шығару және өндіру» тақырыбы бойынша профессор Х.Қ. Оспановтың басшылығымен (әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті) және зертхана менгерушісі Клименов В.В. («Физика- техникалық институт» ЖШС) белсенді қатысуымен алынған зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша, 149 «Өзге қызметтер мен жұмыстар» бөлімінде «2010- 2012 жж. Қазақстан Республикасында наноғылым мен нанотехнологияны дамыту» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған. «Біртекті координациялық қосылыстардың термиялық ыдырауы арқылы алынған наноқұрылымды металдардың сульфидтерінің люминесценттік және электрофизикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша жылдық қорытынды есептер келтірілген. Жұмысы көпкомпонентті силикат шыныда микрокристалдың өсуімен байланысты, онда синтез барысында жартылай өткізгіш фаза, шамамен 1% концентрациясы еріген. Шыны үлгілерін қайталама термиялық өндеу кезінде жартылай өткізгіш микрокристалдардың нуклеациясы және өсуі қатты дисперстік ерітіндінің диффузиялық фаза ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Келесі жылдары материалдар әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасындағы «Ашық Түрдегі Ұлттық Нанотехнология Зертханасында» (АТҰНЗ) профессор Г.М. Төлепбергенұлының басшылығымен көп мәрте тексерістен өткізілген.

