PT100 ТЕРМИСТОРЫНЫҢ НЕГІЗІ ЗЫМЫРАН-ҒАРЫШ ТЕХНИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ СХЕМАНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ КАЛИБРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPEOS202527347Кілттік сөздер:
Температураны өлшеу, PT100 терморезисторы, электрондық схемалар, электрониканы жобалау, ғарыш өнеркәсібіАннотация
Ғарыш аппараттарының элементтерінің күйін бақылау — ғарыш өнеркәсібіндегі ең маңызды міндеттердің бірі. Температура сияқты негізгі параметрді білу зымыранның маңызды компоненттерінің жұмыс жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, температураға сезімтал электроника мен жоғары жылулық жүктемеге ұшырайтын зымыран бөліктері үшін аса маңызды. Осы зерттеудің мақсаты – ғарыштық-зымыран аппаратының үш нүктесінде температураны бір мезгілде өлшеуге арналған ықшам әрі тиімді шешім әзірлеу, сондай-ақ PT100 температура датчигін калибрлеудің оңтайлы алгоритмін жасау болды. Бұл әдіс датчиктің жеке сипаттамаларын ескере отырып, температураны дәлірек өлшеуге мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы — ғарыш техникасына арналған ықшам және қолданбалы температура өлшеу схемасының жаңа түрін ұсынуда. Жобаның практикалық маңыздылығы оның ұлттық жобаларда нақты қолданылғанымен расталады. Зерттеу әдістемесі электрондық схеманы әзірлеу мен оны плата сызбаларын салу EasyEDA редакторында жобалауды, сондай-ақ STM32CubeIDE ортасында C++ тілінде қосып, калибрлеуді қамтиды. Жұмыста PT100 терморезисторы, LM224 күшейткіші және STM32 микроконтроллері сияқты негізгі электрондық компоненттер пайдаланылды. Нәтижесінде ғарыш аппараттарының элементтерінің температурасын өлшеуге арналған дайын шешім жасалды. Оның құндылығы – нақты жобаларда қолданылуы және қарапайымдылығы, ықшамдығы мен техникалық икемділігі арқасында ұқсас жобаларға бейімделе алуында. Бұл шешім алғаш рет ұсынылып отыр және ол ғарыш өнеркәсібіндегі ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізудің маңызды қадамы болып табылады. Сонымен қатар, ол халықаралық тәжірибеге сүйеніп, классикалық формулалар мен схемаларды түрлендіріп қолданады.

