Тығыз плазманың электродинамикалық сипаттамалары және диагностикасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPEOS20252713Кілттік сөздер:
Түйінді сөздер: екікомпонентті плазма, моменттер әдісі, Неванлинна параметр-функциясы, динамикалық құрылымдық фактор, плазма диагностикасы, плазмалық толқындардың дисперсиясы, плазмалық толқындардың өшу декременті.Аннотация
Аннотация Бұл жұмыста модельдік екікомпонентті тығыз плазма квазиклассикалық жуықтауда өзара үйлестірілген бес-моменттік әдіс негізінде қарастырылады. Ұсынылған есептеу әдісінің ерекшелігі – сәйкестендіру параметрлерінің болмауы және есептеулер үшін тек плазма параметрлерінің қажеттілігі. Электодинамикалық сипаттамалар есептеліп, талданды. Алынған нәтижелер молекулалық динамика әдісімен модельдеу барысында басқа авторлар тапқан деректермен салыстырылды.
Бұл жүйенің статикалық сипаттамалары Дойч псевдопотенциалы арқылы гиперцептік жуықтаудағы Орнштейн-Цернике теңдеуін шешу арқылы анықталды. Дойч псевдопотенциалы үлкен қашықтықта Кулон потенциалы сияқты әрекет етеді, бірақ шағын қашықтықта шекті болады, өйткені ол бөлшектердің кванттық қасиеттерін ескереді.
Моменттер әдісін қолданған есептеулердің ерекшелігі – есептеу қатынастарына кіретін Неванлинна параметр-функциясын анықтау қажеттілігі. Осы зерттеуде бұл функция әртүрлі реттің моменттері қатынасынан ғана тәуелді болады.
Дисперсиялық теңдеу моменттер әдісі арқылы шешілді, одан плазмалық толқындардың дисперсиясы мен өшу декременті алынды. Алынған мәліметтер сандық тәжірибемен салыстырылды. Сонымен қатар, плазма температурасын анықтау үшін бағалау диагностикасының әдісі ұсынылды.
Түйінді сөздер: екікомпонентті плазма, моменттер әдісі, Неванлинна параметр-функциясы, динамикалық құрылымдық фактор, плазма диагностикасы, плазмалық толқындардың дисперсиясы, плазмалық толқындардың өшу декременті.