НАНОКОМПОЗИТТІ (TIALSIY)N/CRN ЖАБЫНДАРЫНЫҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ АРАЛАСТЫРУ ЭНЕРГИЯСЫН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPEOS20252712
        78 48

Кілттік сөздер:

гетероқұрылымдар, араласу энергиясы, түзілу энергиясы, фазалық күй, химиялық байланыстар

Аннотация

Мақалада катодтық-доғалық бүрку әдісімен бүркілген болат төсеніште көпқабатты (TiAlSiY)N/CrN жабындысына жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеулер ұсынылған. Бірінші принциптерден алынған есептеулер Ti1–xAlxN/CrN наноқабатының жоғары Alx (x=0,75) мөлшерімен тұндырылуы күшті тұрақтандыру әсерін тигізетінін және бұл фазалардың қабаттануына ықпал ететінін көрсетеді. Ti1–xAlxN/CrN гетероқұрылымдарының араласу энергиясы x=0,75 болғанда 0,11 эВ/Н-ге тең болып, x=0,25 болғанда біртіндеп 0,07 эВ/Н-ге дейін төмендейді. Дифракциялық мәліметтер нәтижелері (TiAlSiY)N/CrN жабындысында {111} бағытында артық құрылымдалған кубтық NaCl тәрізді типтік құрылымның бар екенін көрсетеді. Химиялық байланыстарды зерттеу барысында Al-N, Al-Ti-N байланыстарының айқын қалыптасуы және Al элементінің басым концентрациясы, сондай-ақ әлсіз Si-N және Al-O, Ti-O оксидтік байланыстары анықталды. Ауыр Au иондарының имплантациясы жабындының бетінде нанокомпозиттер мен нанокристалдардың түзілуіне алып келеді, бірақ тереңдік бойынша айтарлықтай құрылымдық өзгерістерге әкелмеді. Имплантация аймағында азоттың мөлшері Au иондарының шашырауынан болатын шығындар есебінен 0,5 есеге төмендейді. Имплантацияланған жабындыда беткі (TiAlSiY)N қабаты алтын иондарының өте әлсіз іздерін көрсетеді, бұл иондардың бұл қабат арқылы толық өтіп, CrN қабатында тоқтағанын және келесі қабат интерфейсіне жеткенін көрсетеді.   

Авторлардың биографисы

Л.С. Баймолданова, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»

Баймолданова Лазат Сарқытбекқызы (хат алмасу авторы) –«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ЖҒжIT ЖМ, физика және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, (Өскемен қ., Қазақстан), 87055075652, ORCID ID: 0000-0003-3533-242X, эл.почта: baimoldals@gmail.com

А.Д. Погребняк , Сума мемлекеттік университеті

Погребняк Александр Дмитриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Сумы мемлекеттік университетінің профессоры (Сумы қ., Украина), ORCID ID: 0000-0002-9218-6492, электрондық пошта: a.d.pogrebnjak@gmail.com.

Ж.М. Сейтахметова , Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»

Сейтахметова Жанат Маратовна – PhD, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ЖҒжIT ЖМ, компьютерлік үлгілеу және ақпараттық тех-нологиялар кафедрасының сениор-лекторы (Өскемен қ., Қазақстан), ORCID ID: 0000-0002-2312-989X, эл.почта: zhanat.seitahmetova@mail.ru

Е.М. Қабдыкенева , Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»

Қабдыкенова Еркежан Мұратқызы – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ЖҒжIT ЖМ, физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы (Өскемен қ., Қазақстан), ORCID iD: 0009-0009-9095-6631, эл.почта: muratovna.erke@bk.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Баймолданова, Л., Погребняк , А., Сейтахметова , Ж., & Қабдыкенева , Е. (2025). НАНОКОМПОЗИТТІ (TIALSIY)N/CRN ЖАБЫНДАРЫНЫҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ АРАЛАСТЫРУ ЭНЕРГИЯСЫН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 27(1), 9–17. https://doi.org/10.26577/JPEOS20252712