ТЫҒЫЗ ПЛАЗМАСЫНЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл жұмыста изотермиялық емес, тығыз плазмасының динамикалық сипаттамалары зерттелді. Бөлшектердің әсерлесуінің эффективті потенциалы негізінде екі температуралы, изотермиялық емес, тығыз плазма үшін Кулон логарифмі алынды. Бұл потенциал екі температуралы плазмада кіші ара-қашыктықта квантты-механикалық дифракция эффектісін, үлкен ара-қашықтыкта экрандалу эффектісін ескереді. Қолданылған модель ұшып келе жатқан бөлшектің тек салыстырмалы төмен жылдамдықтарда сенімді, және тежегіштік қабілеттін максимумы маңындағы маңызды облыс дұрыс сипатталады.Осылайша, тежегіштік қабілеттің плазмалық параметрлерге тәуелділігін зерттеп, тығыз плазмадағы экрандалу әсерінің сипаттамасына сәйкес плазма температурасының теңесуін және релаксация уақытының есептеу уақытының сезімталдығын зерттеуге мүмкіндік берді. Тығыз плазмадағы есептелген температуралық тепе-теңдік экрандалу әсерін сипаттайтын жуықтауға өте сезімтал. Алынған нәтижелер бойынша тығыз плазманың динамикалық сипаттамалар эффективті потенциал негізіндегі Кулон логарифмі арқылы толық анықтала алады. Иондардың энергия жоғалтуы және плазмадағы релаксация уақыты әр түрлі температура мен плазма тығыздықтарында есептелінді. Алынған нәтижелер басқа авторлардың теориялық жұмыстарымен және молекулалық динамикамоделдеу нәтижелерімен салыстырылды және жаксы келісімге не.

