ТҰТҚЫРЛЫ КВАРК-ГЛЮОНДЫ ПЛАЗМА ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ТОЛҚЫНДАР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPEOS.2024.v26.i1-i1Кілттік сөздер:
кварк-глюон плазмасы, ортадағы толқындар, диэлектрлік функция, ұзын толқындық шекАннотация
Кварк-глюонды плазма табылғаннан бастап, ол заттың жаңа күйі деп аталды, бұл коллективті эффектілерді зерттеудің басталуына түрткі болды. Осы тақырыпты жалғастыра отырып, бұл мақалада кварк-глюон плазмасындағы ішкі толқындардың тербелмелі режімдері зерттелген. Кварк-глюон плазмасының ортасы тұтқырлығы төмен идеалды сұйықтық ретінде қарастырылады. Тұтқырлық энтропия индексімен байланысқан тұтқырлық параметрі бар диэлектрикалық функцияны қолдану арқылы ескеріледі және бұл параметрді кварк-глюон плазмасын сипаттауға арналған әр түрлі теориялық тәсілдерге сәйкес таңдауға болады. Мәселе ұзын толқынды шегінде шешілгенмен, бұл шешім мақалада сипатталған физикалық жағдайға сәйкес келеді. Бұл мақалада қойылған мәселе сызықтық емес алгебралық теңдеуге дейін қысқартылып сандық есептеулер бағдарламасы арқылы шешілген. Айқындық үшін тұтқыр кварк-глюон плазмасының тербелмелі режимдері соқтығыстық кварк-глюон плазмасының тербелу режимдерімен салыстырылады - бұл тек тұтқырлықты ғана ескеретін диэлектрлік функция параметрінің әсерін көрсетеді. Шешімдер тербелмелі толқындарды айқын көруге болатын жиілікке және толқын санына қатысты графиктер түрінде ұсынылған. Сондай-ақ, бұл тербеліс режимін толқындардың табиғатын және физикалық мағынасын бағалау үшін пайдалануға болады.