МАГНИТТІК ПОЗИЦИЯЛАНДЫРУ ЕСЕБІНДЕ ВЕКТОРЛЫҚ МАГНИТТІК ӨЛШЕУЛЕРДІ ТҮЗЕТУ АЛГОРИТМІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPEOS.2024.v26.i1-i5Кілттік сөздер:
ұшу аппараттарын бағдарлау және навигациялау, Жердің магниттік өрісі, магниттік позицияландыру, координаттар жүйесін өзгерту, бағдарламаАннотация
Мақала қолмен атқарылатын немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен магнитометрмен жүргізілген векторлық магниттік өлшемдерді түзету алгоритмін әзірлеуге арналған. Бұл алгоритм және оның бағдарламалық жасақтамасы магниттік деректер бойынша навигация есептерінде қажет. Магниттік позицияландыру (орнын аңықтау) идеясы өлшем деректері бойынша таңдалған аймақта магниттік өріс картасын құрудан тұрады, ал ол үшін барлық өлшемдер модельдік деректерді есепке алумен түзетілуі тиіс. Өлшеу қателері магнитометр осьтерінің дұрыс бағытталмауына байланысты әртүрлі кедергілерден туындайды. Эталон ретінде IGRF немесе WMM белгілі үлгілері бойынша есептелген Жердің модельдік магниттік өрісі алынады. Алгоритм өлшенген және модельдік өрістер арасындағы алшақтықтарды барынша азайтуды қамтамасыз ететін өту матрицасында бағдарлау бұрыштарын іздеуге негізделген.