БАТЫС ТЯНЬ-ШАНЬ АУМАҒЫНДАҒЫ МҰЗДЫҚТАР АУДАНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЗЕРТТЕУ: АРЫС ӨЗЕНІНІҢ БАССЕЙНІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i3-4.i6Кілттік сөздер:
Батыс Тянь-Шань, климаттың өзгеруі, мұздықтардың қысқаруы, мұздықтарды картаға түсіру, түгендеу, қашықтықтан зондтауАннотация
Бұл жұмыста 1957-2000, 2000-2011 және 2011-2022 жылдар аралығында Батыс Тянь-Шаньдағы Арыс өзені бассейндегі мұздықтардың өзгеруіне зерттеу жүргізілді. Зерттеу Landsat TM/ETM+ және OLI көмегімен алынған деректерді талдау негізінде жасалды. 2000 жылы жалпы ауданы 18,02 км2 болатын 74 мұздықты зерттеу жасалды. Алайда 2022 жылға қарай мұздықтардың саны 58-ге дейін азайып, жалпы ауданы 11,48 км2 болды. Бұл 22 жыл ішінде 6,54 км2, немесе жылына 1,65%-ға қысқаруды білдіреді. Сонымен қатар, мұздықтардың көлеміне, биіктігіне және еңісіне зерттеу жасалды. Нәтижесінде мұздықтардың көлемінің 36,29%-ға азайғаны анықталды. Бұл айтарлықтай төмендеудің негізгі себебі, ең алдымен, температураның жоғарылауының басым тенденциясымен, сондай-ақ Батыс Тянь-Шаньның сыртқы жоталарында шағын мұздықтардың салыстырмалы түрде төмен биіктікте орналасуымен байланысты. Дегенмен, зерттеу нәтижелерде Батыс Тянь-Шаньның солтүстік бөлігіндегі мұздықтармен жабылған аумақтардың басқа аудандармен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Талдау негізінде Арыс өзені бассейнің аймақтары мұз басуға қолайсыз жағдайда деген қорытындыға келдік. Демек, 1957-2022 жылдар аралығында Батыс Тянь-Шаньның басқа мұздық аймақтарымен салыстырғанда жоғары болды.