ЕКІФАЗАЛЫ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ СҰЙЫҚ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ЕКІНШІ ТЕКТІ БҮРКІЛУІН МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPEOS.2024.v26.i1-i2Кілттік сөздер:
отын, температура, масса, қысым, бүрку, модельдеу, жануАннотация
Сұйық отындардың жануын сандық зерттеу - жылуфизиканың күрделі мәселелерінің бірі, өйткені, күрделі өзара байланысқан процестер мен құбылыстардың едәуір көп санын ескеруді талап етеді. Сондықтан есептеуіш тәжірибе жану процесін зерттеу мен жануға негізделетін түрлі құрылғыларды жобалаудың аса маңызды элементіне айналып отыр. Оның рөлі болашақта да арта түседі деп нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан жылуфизикасында есептеуіш гидродинамика әдістері етек жайып отыр, өйткені, тәжірибенің виртуалды прототипі негізінде оны жетілдіру мүмкіндігі сөзсіз туады. Берілген жұмыста отынның бүрку және жану процесінің бастапқы параметрлеріне байланысты екіфазалы гетерогенді әсерлесетін жүйелерді зерттеу бойынша есептеу эксперименттері жүргізілді. Жүргізілген есептеу эксперименттерінің нәтижесінде тамшылардың максимал жану температурасының бүрку массасы мен қысымына тәуелділігі, сондай-ақ жану камерасының биіктігі бойынша сұйық отынның екі түрінің (октан және додекан) тамшыларының дисперсиясының екі өлшемді графигі алынды. Инжектор соплосынан 50 см қашықтықта уақыт бойынша тамшылардың Саутер орташа диаметрінің таралуының алынған сандық есептеулері эксперименттік мәліметтермен салыстырылды, нәтижесінде эксперименттік мәліметтер додекан үшін сандық есептеулермен жақсы келісім беретіндігі анықталды. Екіфазалы отыын жүйелерін концентрациялық және температуралық сипаттамаларын зерттеу бойынша жүзеге асырылған компьютерлік эксперименттер нәтижесінде октан мен додеканның тиімді жану режимі анықталды.