ИМПУЛЬСТІ ПЛАЗМА АҒЫНЫНА СПЕКТРОСКОПИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ
Аннотация
Бұл жұмыста импульсті плазма ағынына жүргізілген спектроскопиялық талдау нәтижелері көрсетілген. Импульсті плазмағыны конденсаторлар батареяларында жинақталған энергияның коакциял жүйелі электродтарға берілуі нәтижесінде пайда болады. Спектрлік сызықтарды алып, зерттеу үшін Solar S100 сызықты спектрометрі мен М833 монохроматоры қолданылды. Импульсті плазманың электрондар концентрациясын аныктау мақсатында спектрлік сызықтардың Штарктік ендену әдісі қолданылды. Плазмадағы жоғары концентрациялы иондар мен электрондар алыстан әсерлесу Кулон күшіне ие. Сондықтан зарятталған бөлшектердің, яғни иондармен және электрондармен әсерлесу жағдайын, Штарк енденуін қарастырамыз. Тәжірибелер гелий және сутек газдарымен әртүрлі қысым мен разряд қуаттарында жүргізілді. Спектрограммада сутегінің Нα және Нβ сызықтары да байқалды. Олар камерадағы қалдық су молекулаларынан немесе изолятор курамынан бөлінуі мүмкін. Электрондардың қозу температурасын анықтауда спектрлік сызықтардың салыстырмалы интенсивтілік әдісі қолданылды. Алынған нәтижелердің, электрондар концентрациясы мен қозу температурасының разряд кернеулігіне тәуелділіктері зерттелді және оларға қысқаша сипаттама берілді. Импульсті плазмалық үдеткіште алынған плазма ағынындағы электрондардың қозу температурасы салыстырмалы интенсивтілік әдісімен анықтау үшін Нα және Нβ спектрлік сызықтары қолданылды. Электродтар жүйесіне қарама-қарсы түсірілген спектрлерде 200-350 нм толқын ұзындығы аралығында мыстың сызықтары көбірек шыққандығы тәжірибеде байқалды. Ол мыс электродтардың плазмамен әсерлесуі кезінде эрозияға ұшырайтындығын көрсетеді.

