ӘСЕРЛЕСЕТІН ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ИЗОТЕРМИЯЛЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚ БҮРКУЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i1-2.i1
        36 65

Аннотация

Әсерлесетін жүйелер уақыт пен кеңістіктің кең ауқымында бір уақытта болатын бірнеше процестер арасындағы өзара әрекеттесуді қамтиды. Жану барысында химиялық энергияның босап шығуы қысымның, температура мен тығыздықтың градиенттерін тудырады, өз кезегінде соңғылары масса, импульс пен энергия тасымалына алып келетін газдардағы процестердің көзі болып табылады. Сұйықтар мен газдар динамикасы және олардағы химиялық реакциялардың арасындағы орасан зор, әрі біртексіз өзара әрекеттесудің салдарынан әсерлесетін ағыстарды тәжірибелік зерттеу және оған қатысты қатаң теорияны қалыптастыру қиынға соғады. Сондықтан осындай тектес күрделі жүйелерді болжау, әрі олардың қасиеттерін зерттеу үшін сандық модельдеу табысты түрде жүзеге асырылады. Тәжірибелік бақылаулар мен жуықталған теориялық модельдер ашық физикалық жүйенің бағынуы тиіс заңдарын ұсынады. Сандық тәжірибелердің көмегімен осы заңдардың орындалуын тексеруге мүмкіндік туады. Берілген жұмыста сұйық отындардың тамшыларының булану, жану және дисперсиясы процестеріне жану камерасындағы газ температурасының әсеріне қатысты есептеу тәжірибелері жүргізілді. Жүргізілген модельдік тәжірибелердің нәтижесінде жану камерасындағы сұйық отын тамшыларының камера биіктігі бойымен дисперсиясы, алау температурасының таралуы мен жану өнімдерінің концентрациясының бастапқы газ температурасына тәуелділік графиктері алынды. Жүргізілген модельдеу тәжірибелері мен жүзеге асатын жылу және масса тасымалы процестерінің ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде тиімді жану режимі анықталды.

Түйін сөздер: жану, температура, булану, бүрку, инжектор, дисперсия, химиялық ауысу.

Жүктелулер

Как цитировать

Bolegenova, S. A., Askarova, A. S., Ospanova, S. S., & Bolegenova, K. A. (2023). ӘСЕРЛЕСЕТІН ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ИЗОТЕРМИЯЛЫҚ ЕМЕС СҰЙЫҚ БҮРКУЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 25(1-2), 3–14. https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i1-2.i1