Ортада жарық жылдамдығынан аса қозғалатын магнит диполінің сәулеленуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i1-2.i4
        30 42

Аннотация

Сыну көрсеткіші n дисперсті емес ортада аса жарық жылдамдықпен (u>c/n) біркелкі қозғалатын, тұрақты магнит моменті бар магнит диполінің Вавилов-Черенков сәулеленуінің электр өрісінің спектрлік тығыздығының қарапайым асимптотикалық өрнегі келтірілген. Бұрын біз дипольдің релятивистік векторлық магнит потенциалынан жалпы түрде алған электр өрісінің спектралдық тығыздығы уақыт бойынша Фурье кері түрлендіруі арқылы алынды. Интегралдау асимптотикалық асу әдісімен жүзеге асырылды. Сәуле шашу конусының бұрыштық мөлшері анықталды, мұнда шығарылған толқындардың толқындық векторы жылдамдықпен θ бұрышын құрайды, мұнда cos θ=1/β, егер β=n u/c>1 болса. Бессельдің цилиндрлік функциясының асимптотикасы түрінде жазылған Вавилов-Черенков сәулелену толқындарының бағыты дипольдің қозғалыс бағытына θ өткір бұрыш жасайды, ал сәулеленудің спектрлік тығыздығы жиіліктің екіден үш дәрежесіне тура пропорционал екені көрсетілген. Алынған өрнектер ВавиловЧеренковтың дипольдік сәулеленуінің спектрлік талдауын одан әрі зерттеуде пайдалы, өйткені И.М. Франктың өз еңбектерінде ұсынған әдістемесі негізінен диполь зарядтарының сәулелену толқындар интерференциясына негізделген, бұл мәселені жалпы түрде шешу кезінде белгілі бір қиындықтар тудырады.

Түйін сөздер: Черенков сәулеленуі, электромагнит толқындары, Фурье түрлендірулері, жарық конусы

Жүктелулер

Как цитировать

Sautbekov, S., Pshikov, M., & Basharov, N. (2023). Ортада жарық жылдамдығынан аса қозғалатын магнит диполінің сәулеленуі. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 25(1-2), 31–34. https://doi.org/10.26577/JPEOS.2023.v25.i1-2.i4