GW170104 ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТОЛҚЫН СИГНАЛЫН МЕТРИКАЛЫҚ САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

        9 9

Аннотация

Ұсынылған жұмыста LIGO Hanford пен Livingston  детекторларынан алынған GW170104 күрделі сигналға информация энтропиялық талдау жүргізілді. Сондай-ақ жаңа әдіс[1], функциясы қолданылды. Таза метрикалық сипаттама  және топологиялық өлшем – информациялық энтропияның байланысы арқылы динамикалық хаостың өзұқсас пен өзаффинді критерилерін сандық сипаттауға болады. Біз ұсынған хаосты процестер мен объектілердің топологиялық өлшемінің классификациясы физикалық тәжірибелермен, Күннің радиосәулеленуінің мәліметтері мен ғарыштық қозуларда, Жер айналысында расталады. Мақалада қолданылған әдіс бифрукацияның пайда болуын анық көрсетеді. Осы әдіспен гравитациялық толқынның бес мысалын зерттедік. Барлық сигналдарға сандық талдау жүргізілді. Қазіргі таңда гравитациялық толқындарды зерттеу мен оларды дәл тіркеу өте өзекті мәселе, себебі ол Әлемнің өткені мен болашағын білуге апарар негізгі жол болып табылады. Осы жұмыста GW170104 гравитациялық толқынын MatLab қолданбалы бағдарламалар ортасында өңдеп, сигналдың  –эволюциялық параметрін анықтадық, ол шуыл арасынан гравитациялық толқынды айқындап берді. Тіркелген гравитациялық толқындарды қарапайым компьютерлік модельдеу әдісі арқылы күрделі сигнал ішінен гравитациялық толқынның қай уақыт мезетінде болатындығы анықталынды. Шуыл аз болғанда ғана гравитациялық толқын көрінетіні дәлелденді.

Жүктелулер

Как цитировать

Omar, A., Zhanabaev, Z., & Serikbayev, A. (2021). GW170104 ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТОЛҚЫН СИГНАЛЫН МЕТРИКАЛЫҚ САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 23(1-2), 37–41. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/293