ҚЫЗУҒА ТӨЗІМДІ ҚҰЙМАЛАРДЫҢ ЖЫЛУ КЕРНЕУЛІК ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ АЛГОРИТМІН ЖАСАҚТАУ

Авторлар

  • Б. Кенжегулов НАО «Атырауский университет им.Х.Досмухамедова» https://orcid.org/0000-0001-6230-2926
  • М.О. Пиржанов НАО «Атырауский университет им.Х.Досмухамедова»
  • Р.К. Кусайынов НАО «Атырауский университет им.Х.Досмухамедова»
  • Ж. Сайдолқызы НАО «Атырауский университет им.Х.Досмухамедова»

DOI:

https://doi.org/10.26577/PEOS.2020.v22.i2.010
        28 10

Аннотация

Үлкен жылу өрісінде жұмыс істейтін көптеген құрылғылардың негізгі тірек элементтері (газ турбиналық және реактивті қозғалтқыш элементтері және т.б.) сыртқы күштер болған кезде ыстыққа төзімді құймалардан жасалады. Мұндай құймалардың физикалық ерекшелігі-жылу кеңею коэффициенті және материалдың серпімділік модулі температураның таралу өрісіне қатаң тәуелді болады, яғни коэффициенттер температураның функциясы болып табылады. Бұл жұмыстаэнергияның сақталу заңы негізінде құрылғылардың бүйір бетіне координатасы бойынша сызықтық зандармен өзгеретін жылу ағыны түсірілген сырықтың жылу кернеулік жағдайы пішінделеді (модельденеді). Қарастырылып отырған мәселені шешу үшін үш түйіні бар бір өлшемді квадраттық шекті элемент үшін потенциалдық энергияны түйіндік орын ауыстыру мәндері бойынша минимизациялау әдісі қолданылады. Потенциалдық энергияны сипаттайтын функционалдың минимумынан сызықтық алгебралық тендеулер жүйесі алынады. Мұнда барлық мүмкін болатын табиғи шектеулер ескеріледі. Бұл жүйеде қолданылған барлық интегралдар аналитикалық түрде есептелінді.Бұл жерде алынған жүйенің әр теңдеуі үшін энергияның сақталу заңы орындалып тұр. Нақты есептерде орын ауыстыру(жылжу), деформация, кернеу мәндерін, сондай-ақ температураның, орын ауыстыру, деформация және кернеу құраушыларының таралу мәндері есептеледі.

Жүктелулер

Как цитировать

Кенжегулов, Б., Пиржанов, М., Кусайынов, Р., & Сайдолқызы, Ж. (2023). ҚЫЗУҒА ТӨЗІМДІ ҚҰЙМАЛАРДЫҢ ЖЫЛУ КЕРНЕУЛІК ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДІ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ АЛГОРИТМІН ЖАСАҚТАУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 22(3-4), 42–51. https://doi.org/10.26577/PEOS.2020.v22.i2.010