2D ДИПОЛЬДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭКРАНДАЙТЫН ОРТАДА ФАЗАЛЫҚ АУЫСУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/PEOS.2020.v22.i2.02
        57 16

Аннотация

Екі өлшемді (2D) электрлік дипольді жүйелердің фондық экрандаушы зарядттар ортасында динамикалық фазалықау ысуы, молекулалық динамика әдісінің көмегімен, зерттелді. Модельдеу кезінде экрандалудың үш жағдайы зерттелді, оның ішін де дипольдардың экрандалусыз өзара әрекеттесуі қарастырылды. Экрандалу болмаған жағдайда, диполь-диполдың өзара әрекеттесу потенциалы, дипольдарға арналған Вольф әдісін қолдану арқылы, өзгертіліп жазылды. Бұл әдіс модельдеудің есептеу шығынын O(N) ретінде тиімді төмендетуге мүмкіндік береді. Экрандалудың кристалл - сұйық фазалық ауысулар процесіне әсері тәртіб параметрлерін есептеу мен көпбұрыштарды құру әдісін қолдану арқылы егжей-тегжейлі зерттелді. Нәтижелер фазалық ауысу нүктелерінің экрандалудың әсерінен төмен температура мандеріне қарай ығысатынын көрсетеді. Сондай-ақ, балқу және кристалдану нүктелерінің төменгі температура мәндеріне ығысуы дипольдардың фондық зарядпен экрандалу күші жоғарылаған сайын артатыны байқалады.

Жүктелулер

Как цитировать

Алдакул Y. K., Молдабеков Z., & Рамазанов T. (2023). 2D ДИПОЛЬДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭКРАНДАЙТЫН ОРТАДА ФАЗАЛЫҚ АУЫСУЫ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 22(3-4), 6–13. https://doi.org/10.26577/PEOS.2020.v22.i2.02