ЫСТЫҚ ПОЛЯРЛАНҒАН НЕЙТРОНДАР КӨЗІНДЕ 235U 0.3 ЭВ РЕЗОНАНСЫНДА БӨЛІНУІ КЕЗІНДЕГІ ЛЕЗДІК НЕЙТРОНДАР МЕН Ү-КВАНТАРДЫҚ БҰРЫШТЫҚ ШАШЫРАУЛАРЫНДАҒЫ БӨЛІНУШ ЯДРОНЫҢ АЙНАЛУ ЭФФЕКТІСІ
Аннотация
Үштік ядролық бөліну кезіндегі Т-тақ бұрыштық корреляциялар (TRI және ROT асимметриялар) нейтрон-ядролық әсерлесу кезіндегі уақыт инвариантының бұзылуын іздеу мақсатында зерттелді. Нөлге тең емес Т-тақ эффект Ресей мен Еуропа институттарының коллаборациясы арқылы Гренобльдегі жоғары ағындық ILL ядролық реакторда жүргізілген, 233U үштік бөлінуі кезіндегі жеңіл зарядталған бөлшектердің ұшып шығу асимметриясын (TRI) өлшеуге бағытталған экспериментте табыдлы. Эффект Т-инвариантының бұзылуымен байланысты емес, бөліну процессінің қиын механизмі және арқылы түсіндіруге болатыны анықталды. Кейінірек ROT эффект 235U және 233U бөлінуі кезіндегі лездік гамма-кванттар мен нейтрондар үшін анықталды, алайда оның мәні үштік бөліу кезіндегіα-бөлшектердің ұшып шығуымен салыстырғанда бір дәрежеге төмен. Осыған дейін қойылған эксперименттердің барлығы суық полярланған нейтрондармен жасалған, бұл кезде компаунд ядроның бірнеше спиндік күйлер қоспасы байқалады және олардың қосар үлесі белгілі емес.
Осы жұмыста Гархингтегі FRM-II реакторындағы POLI қондырғысында 0.3 эВ ыстық полярланған нейтрондармен 235U бөлінуі кезіндегі ROT-эффектіні өлшеуге бірінші бағыттыалған алғашқы эксперименттің нәтижелері көрсетілген. Бұл энергия 235U оқшауланған резонансына сәйкес келеді.

