КӨПКОМПОНЕНТТІ ТОЗАҢДЫ ПЛАЗМАНЫҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Авторлар

        20 4

Аннотация

Жұмыстың мақсаты электрондар, протондар, нейтрал атомдар мен тозанды бөлшектері бар тозаңды плазманың өзара келістірілген химиялық моделін құрастыру болып табылады. Идеалды және идеалды емес бқліктерден тұратын тозанды бөлшектердің зарядын ескеретін бос энергия үшін теңдік ұсынылды. Бос энергияның идеал емес бөлігі жұпты корреляция жуықтауында Боголюбов теңдеулер тізбектерін шешу арқылы анықталған, жалпыланған Больцман-Пуассон теңдеуіне негізделген өзара келістірілген химиялық моделдің негізінде есептелінеді. Есептеу барысында, электрондар мен протондардың әсерлесу микропотенциалы ретінде кулон потенциалы, ал олардың атомдармен және атомдардың өзара әсерлесу потенциалы ретінде Мотт потенциалы қолданылады. Тозаңды бөлшектердің өлшемі шекті болғандықтан сәйкесті потенциалда олардың бір бірімен, плазмадағы протондар мен электрондармен әсерлесуін ескеру қажет. Қарастырылған көп компонентті ортаның бос энергиясы тек еркін электрондар мен протондардың концентрациясының функциясы ғана болатындығы, ал оның минимизациясы тепе-теңдіктің сәйкес мәндерін анықтауға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Бұл плазмалық ортадағы ионизациялық тепе-теңдікті нақты зерттеуге және сонымен бірге тозаң бөлшектердің зарядын анықтауға мүмкіндік береді. Жұптық корреляциялық жуықтау аясында жүйенің корреляциялық функциялары анықталып, олардың құрамына қоршаған ортаның кең параметрлер аумағында зерттеуге болатын радиалды үлестіру функциялары мен статикалық құрылымдық факторлар кіреді. Жүйенің корреляциялық функцияларын білу, өз кезегінде, көп компонентті тозаңды плазманың термодинамикалық сипаттамаларын есептеуге мүмкіндік беретіндіктен, ол корреляциялық функция үшін жасалынды. Күйдің калориялық теңдеуінен алынған мәліметтер ионизациялық тепе-теңдіктің өзгеруімен плазмадағы тозаңды бөлшектерін қайта зарядтауға байланысты тозаңды акустикалық толқындардың таралуындағы жаңа әсерлерді болжауға мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Кудышев, Ж., Давлетов, А., Еримбетова, Л., Мухаметкаримов, Е., & Курбанов, Ф. (2023). КӨПКОМПОНЕНТТІ ТОЗАҢДЫ ПЛАЗМАНЫҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 21(3-4), 40–52. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/265