МАКСВЕЛЛДІК ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДАР БАР БОЛҒАН КЕЗДЕ ИОНОСФЕРА БИІКТІКТЕРІНДЕ ТОЗАҢДЫ БӨЛШЕКТІҢ ЗАРЯДТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілттік сөздер:
мезосфера, ионосфера, тозаңды плазма, максвеллдік үлестірілу, максвеллдік емес үлестірілу, каппа үлестірілуАннотация
Ұсынылып отырған жұмыста максвеллдік емес электрондары бар ионосферада мезосфера биіктігінде тозаңды бөлшектің зарядталуы зерттелген. Ортаның тепе- теңсіз болуы радиоқыздырғыш стендтің жұмысы салдырынан болып тұр. Электрондардың жылдамдықтар бойынша үлестірілуі ретінде к-үлестірілуі қолданылған. Есептеулер 85-95 км биіктігіндегі ионосфералық плазма үшін 150° К температурада жүргізілді, электрондар мен иондар концентрациясы 10 м деп алынды. Барлық тозаңдық бөлшектер біртекті және бәрінің өлшемдері бірдей және 10 нм құрайды деп есептелінді. Тозаңды бөлшектердің зарядталуын модельдеу ушін OML (Orbit Motion Limited) теориясы колданылды. епе-тенсіз плазмалық ортадағы тозаңды бөлшектің өлшемсіздірілген потенциалының тепе-теңдіктегі плазмалық ортадағы тозанды бөлшектін өлшемсіздірілген потенциалына қатынасы есептелінді. Тепе- теңсіз плазмалық ортадағы тозаңды бөлшектің бет потенциалының тепе-теңдіктегі плазмалық ортасындағы жағдайдан бірнеше есе көп екндігі анықталды және ионосфералық газдың иондық құрылымына байланысты болатыны көрсетілді. Бет потенциалының тепе-теңсіз және тепе- теңдіктегі орта арасындағы айырмашылық температура өскен сайын кемитіні де байқалды.

