БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ӨЛШЕМІ ШЕКТЕУЛІ ТОЗАҢДЫ ПЛАЗМАНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Аннотация
Аталмыш жұмыстың мақсаты плазманың тозанды компонентінің статикалық сипатталарын анықтау және оның қысымын есепту, сондай-ақ, тығыз байланысқан режимге арналған қарапайым жуықтау формулаларының нәтижелерімен салыстыру. Тозаңды бөлшектердің өлшемі шектеулі деп саналады, ал олардың арасындағы өзара әсерлесу потенциалы хаостық фаза жуықтауындағы плазманың диэлектрлік функциясын қолдану арқылы сызықтық диэлектрлік үндестік теориясынан алынады. Тозаң бөлшектердің радиалды таралу функциялары мен статикалық құрылымдық факторлары негізгі гипертізбекті жуықтау деп аталатын Орнштейн-Цернике тендеуін шешу арқылы анықталады. Бұл тендеу Перкус-Йевик қатынасымен есептелетін абсолюттіқатты сфералардың моделін қамтиды. Радиалды таралу функциялары мен статикалық құрылымдық факторлардың кисықтарында пайда болған максимум және минимумдар тозаң бөлшектердің орналасуындағы жақын және алыс реттіліктердің түзілуін айғақтайды. Тозанды компонент қысымының байланыс параметріне тәуелдігі сандық түрде есептелді. Алынған нәтижелердің әдебиеттерден белгілісалыстырмалы түрде аз тығыздықты жүйеге арналғн аналитикалық формулалармен жақсы сәйкесетіні анықталды.

