ПОЛИМЕТИНДІК БОЯҒЫШТАР ЕНГІЗІЛГЕН ГАЛОГЕН БАР ТУЫНДЫ ПОЛИ-N-ЭПОКСИПРОПИЛКАРБОЗОЛ РЕКОМБИНАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Аннотация
Әртүрлі химиялық табиғаты бар ауыр атомды поли- N- эпоксипропилкарбазол полимерінен шыққан катиондық полиметиндік бояғыштың синглеттік және триплеттік күйлері зерттелген. Полимердің құрамында ауыр атомдардың болуы, бояғыштардың молекулаларында спин-орбиталдық әсерлесудің артуы және синглет- триплеттік ауысулардың жылдамдығы артуы нәтижесі бояғышта фосфоресценцияның пайда болуы мен сөнуіне әкеледі. Сонымен қатар электрондық-кемтіктік жұптардың рекомбинациясы, кемтіктік типті өткізгіштігі бар полимерлік қабықшалардағы бояғыштардың қоздырылған күйінің қосымша релаксация каналы болып табылады, ол рекомбинациялық люминесценция кезінде байқалады. Сыртқы магнит өрісіндегі және өріс болмағандағы бояғыштардың ұзақ люминесценциясын өлшеу кезінде рекомбинациялық люминесценцияның қарқындылығының бәсендеуі тіркелген. Магниттік эффектің уақытқа тәуелді сипаттамасы синглеттік және триплеттік каналдар арасындағы ЭКЖ жарыса түзілу нәтижесі болып табылады.