ЮПИТЕР АТМОСФЕРАСЫ ҚҰРЫЛЫМЫН МУЛЬТИФРАКТАЛДЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Н.Ш. Алимгазинова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-4596-1855
  • А.Ж. Наурзбаева Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан
  • Н.Т. Изтлеуов Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан
  • А.Б. Манапбаева Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан
  • С.Б. Икрамова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан
        49 37

Аннотация

Берілген зерттеу Юпитер атмосферасының фотографиялық суреттерін талдауда жаңа бағытты көрсетеді. Жұмыста алғашқы рет Юпитердің атмосфералық ағыны құрылымын сипаттау үшін мультифракталды талдау-динамикалық хаос теориясы әдісі қолданылды. Зерттеу объектісі ретінде Кристофер Го астрономы түсірген Юпитер атмосферасының суреттері қолданылды. 1997 жылғы маусым айынан 2015 жылғы желтоқсан айына дейінгі периодтағы 819 суреттер зерттелінді. Юпитер атмосферасы зоналары мен белдіктері құрылымын талдау мақсатында әрбір сурет үшін мультифракталдық және метрикалық сипаттамалар есептелініп, мультифракталдық спектрлер мен энтропиялық диаграммалар құрылды. Зерттеу нәтижесінде мультифракталдық спектр арқылы есептелген Юпитер атмосферасы суретінің өзуқсас энтропиясы азаятыны және 12 жылға ығысқан мәліметтерді талдау кезінде 1997 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта екі өлшемді форма коэффициентінің артуы анықталды. Сонымен қоса, әр жылдар үшін өзұқсас энтропияның және екі өлшемді форма коэффициентінің орта айлық мәндерін зерттеу кезінде сипаттама өзгерісінің тенденциясы өзгеретін уақыт периодтары анықталды. Ұсынылған жұмыстағы зерттеу әдісі Юпитер атмосферасы құрылымы өзгерісіндегі заңдылықтарды анықтауға және сандық сипаттаманы жүргізуге мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Алимгазинова, Н., Наурзбаева, А. ., Изтлеуов, Н. ., Манапбаева, А. ., & Икрамова, С. (2020). ЮПИТЕР АТМОСФЕРАСЫ ҚҰРЫЛЫМЫН МУЛЬТИФРАКТАЛДЫ ТАЛДАУ. Ashyq júıeler evolúsıasy máseleleri jýrnaly, 20(1), 33–40. вилучено із https://peos.kaznu.kz/index.php/peos/article/view/15