ОРИОН ТҰМАНДЫҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЛ ФОРМАЛЫ ЖІПШЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЖОТАСЫ БОЙЫНДАҒЫ ТУРБУЛЕНТТІЛІК ПЕН ӨЗҚАУЫМДЫЛЫҚ
Ключевые слова:
Информация, энтропия, турбуленттілік, өзқауымдылық, молекулалық тұмандықтар.Аннотация
Ұсынылған жұмыста Орион бұлтында орналасқан интегралды формадағы
жіптің негізгі жотасының радио бақылауларының информациялық энтропиялық талдауы
жүргізілді. Осыған дейін зерттелген аймақтың кинематикасы ИФЖ жотасының бойындағы
жылдамдықтардың жергілікті минимумының жанында тығыз жұлдызды ядролардың
орналасқанын көрсетті. Осы жұмыста мұндай бағалау NH3, 12CO, 13CO, N2H+ элементтері
үшін нормаланған информациялық-энтропия арқылы жасалды және жұлдызды ядролардың
энтропия мәндері I1 < S/Smax < I2 аралығына тиіс екенін анықталып, олардың өзқаумды
құрылымдар екені табылды.
Ақпараттық энтропия молекулалық тұмандықтарда құрылымның турбуленттілігі мен
өзқауымдығын бағалау критерийлері ретінде қарастырылады, бұл өз кезегінде болашақта
жас жұлдыздардың бесігі бола алатын, тығыз ядролардың қалыптасуына алып келетін
процесстерді бағалауға мүмкіндік береді. Қандай да трассер түрі таңдалғанына тәуелсіз
протокластерлердің аумақтары үшін есептелген энтропия өзқауымды мәндеріне ие. Бұл
бірінші кезекте молекулалық тұмандықтардағы бүкіл газға таралатын турбуленттік ағынның
әмбебап қозғалысымен байланысты. Ақпараттық энтропияның нормаланған мәндері үшін
ұсынылған классификация әдістері өзқауымды, турбулентті қозғалыс тән аумақтарға
белсенді түрде қолданыла алады. Болашақта бұл әдіс арқылы жұлдыздар қалыптасуы орын
алатын аймақтарды іздеп, анықтауға қолданылуы мүмкін.