КҮШТІ КҮН ПРОТОН ЖАРҚЫРАУЛАРЫНЫҢ МИКРОТТОЛҚЫНДЫҚ СӘУЛЕЛЕУІНІҢ ФРАКТАЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Ш.Ш. Гусейнов Насраддин Туси атындағы Шамахин астрофизикалық обсерваториясы https://orcid.org/0009-0001-5998-4564
  • С.Ш. Гусейнов Насраддин Туси атындағы Шамахин астрофизикалық обсерваториясы https://orcid.org/0009-0005-5608-4404

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPEOS202527346

Кілт сөздер:

күн жарқылы, радио диагностика, микротолқынды сәуле шығару, , фрактальдық талдау, радиотолқынды жарқылы

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты – күшті протондық және протондық емес күн жарқылдарынан шығатын радио сәулелену жарылыстарының сипаттамаларының эволюциясын сапалы және сандық тұрғыдан зерттеу. Соңғы бірнеше онжылдықта мамандар күн жарқылдарының сәулеленуіне арналған көптеген көптолқынды зерттеулер деректері негізінде протондық өсулермен бірге жүретін жарылғыш күн жарқылдарының импульстік және біртіндеп фазадан тұратынын көрсетеді. Микротолқынды диапазонда, олардың интенсивтілігіне сүйене отырып, радио жарылыстарын диагностикалауға арналған құнды зерттеулер ИЗМИРАН әдісіне негізделген. Біз де осы міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келдік және алғаш рет фракталдық әдісті және оның «сырғымалы терезе» нұсқасын микротолқынды диапазондарда λ=10,7 және 27,8 см бір мезгілде бақыланған күн протондық жарқылдарының радио жарылыстарына негізделген уақыттық қатарлара қолданылды. Бақылаулар 2014–2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ионосфера институтының РТ-12 радиотелескопында f=1 және 3 ГГц жиіліктерінде жүргізілді. Сонымен қатар, күн жарқылы кезіндегі микротолқынды аймақтарда λ=10,7 және 27,8 см үш протондық оқиғалар бақыланды, олар Танакa-Эноме критерийіне сай келді: F_3см/F_8см>1, бұл F_10,7см/F_27,8см>1 критерийіне ұқсас. Оқиғалар болған уақыт аралығында есептелген D_t және H_t мәндеріне негізделе отырып, олардың ең үлкен тұрақсыз кезеңдерін анықтауға болады

Автор өмірбаяндары

  • Ш.Ш. Гусейнов, Насраддин Туси атындағы Шамахин астрофизикалық обсерваториясы

    Гусейнов Ширин (автор - корреспондент) физика-математика ғылымдар кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, Насраддин Туси атындағы Шамахин астрофизикалық обсерваториясы, Шамахи, Әзірбайжан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі, Баку, Әзірбайжан, shirin.guseyn@gmail.com

  • С.Ш. Гусейнов, Насраддин Туси атындағы Шамахин астрофизикалық обсерваториясы

    Гусейнов Сади – ғылыми қызметкер, Насраддин Туси атындағы Шамахин астрофизикалық обсерваториясы, Әзірбайжан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі, Баку, Әзірбайжан, edi-huseynov@mail.ru

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-20