Авторларға арналған ақпарат
Журналға материалдарды жариялау Open Journal System онлайн материалдарды ұсыну және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тіркелу немесе жүйеге кіру «Материалдарды жіберу» бөлімінде қолжетімді.
Мақала электрондық форматта (.doc, .docx, .rtf форматтарында) журналдың веб-сайтындағы Open Journal System жүйесі арқылы ғана жүктеліп, ұсынылады.
Корреспонденцияға жауапты автор журналға жариялау үшін ілеспе хатты ұсынуға міндетті.
Мақаланы ұсыну тәртібі және оны ресімдеуге қойылатын талаптар (мақаланы ресімдеу кезінде ҮЛГІНІ пайдаланыңыз):
Журналдың/журнал сериясының ғылыми бағытына сәйкес келетін, автор(лар) бұрын жарияламаған, қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі материалдар жариялауға қабылданады.
Барлық мақалалар міндетті түрде double-blind (екі жақты жасырын) рецензиялаудан (сараптамалық бағалаудан), әдеби және техникалық редакциялаудан өтеді. Қосымша рецензенттерді іріктеу, объективті және уақтылы рецензиялауды қамтамасыз ету жұмыстарын Редакция жүзеге асырады.
Журнал редакциясы мақаланың журналдың ғылыми бағытына және ресімдеу талаптарына сәйкестігін анықтап, оны рецензиялау үшін тиісті саладағы маманға (тәуелсіз сарапшыға) жібереді. Барлық рецензенттер рецензияланатын материалдардың тақырыбы бойынша танылған мамандар болып табылады және соңғы үш жыл ішінде рецензияланатын мақаланың тақырыбына сәйкес ғылыми жарияланымдары болуы тиіс. Рецензиялау құпиялылық қағидатын сақтай отырып жүргізіледі.
Мақаланы бағалаудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады: таңдалған тақырыптың және қойылған ғылыми мәселенің өзектілігі; ұсынылған материалдың жаңалығы және зерттеліп отырған мәселеге автордың жеке үлесі; терминологиялық аппараттың дұрыс қолданылуы, дәйексөздердің рәсімделуі және келтірілген деректердің сенімділігі; заманауи ғылыми дереккөздер мен ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану; зерттеудің теориялық немесе қолданбалы маңыздылығы; ғылыми қорытындылардың негізділігі; материалдың логикалық жүйелілігі мен түсінікті баяндалуы; мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі.
Мақала талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, редакциялық алқа оны кері қайтаруға құқылы.
Мақаланы ресімдеуге қойылатын міндетті талаптар:
- Беттің сол жақ жоғарғы бұрышында МРНТИ индексі көрсетіледі. (Times New Roman, қаріп өлшемі – 12).
- Бір жоларалық интервалдан кейін мақаланың толық атауы бас әріптермен, қалың қаріппен жазылып, беттің ортасына тураланады.
- Бір жоларалық интервалдан кейін авторлардың аты-жөнінің бас әріптері мен тегі қалыпты қаріппен беріледі. Одан кейін жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қала, ел және авторлардың бірінің e-mail мекенжайы көрсетіледі. Авторлардың жұмыс орындарына сәйкес сілтемелер берілуі тиіс.
- Бір жоларалық интервалдан кейін аннотация (150–250 сөз) беріледі. (Times New Roman, қаріп өлшемі – 10). Аннотация мақаланың жалпы мазмұны мен негізгі нәтижелерін қысқаша сипаттауы және өздігінен түсінікті болуы тиіс. Аннотацияда әдебиеттерге, сондай-ақ мақаланың бөлімдері мен басқа элементтеріне сілтеме жасауға жол берілмейді.
- Түйінді сөздер (3–5 сөз немесе сөз тіркесі) ұсынылған мақаланың мазмұнына сәйкес беріледі. (Times New Roman, қаріп өлшемі – 10).
- Бір жоларалық интервалдан кейін мақаланың негізгі мәтіні беттің бір бағанында орналастырылады. Мәтін Times New Roman қарпімен, 12 өлшемде, жоларалық интервалы 1,0 етіп теріледі. Беттің барлық жиектері 2 см болуы тиіс.
Мақала келесі бөлімдерден тұруы тиіс: Кіріспе, Әдіснама, Нәтижелер және талқылау, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, Қаржыландыру туралы ақпарат, Мүдделер қақтығысы.
- Мақаланың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтін ішіндегі сілтемелер үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс.
- Өлшем бірліктерінің, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық шамалардың жалпы қабылданған қысқартуларын қоспағанда, сөздерді, есімдерді және атауларды қысқартуға жол берілмейді.
- Формулалар (Microsoft Equation немесе MathType формула редакторында терілуі тиіс), суреттер мен кестелер мәтінде алғаш рет аталу ретіне сәйкес нөмірленуі қажет.
- Кестелердің атауы және араб цифрларымен берілген реттік нөмірі болуы тиіс. Қажет болған жағдайда түсіндірмелер мен ескертпелер қоса беріледі.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі APA стилінің 7-басылымына сәйкес рәсімделуі тиіс (http://www.apastyle.org/). Әдебиеттер тізімі мақаланың негізгі мәтініне толық сәйкес келуі, онда тек мәтінде аталған дереккөздер ғана қамтылуы тиіс. Латын графикасын пайдаланбайтын тілдерде жарияланған библиографиялық дереккөздер латын әліпбиіне транслитерациялануы қажет.
- Жеке бетте авторлар туралы мәліметтер берілуі тиіс. Онда авторлардың толық аты-жөні, жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, байланыс телефондары және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.
Мақаланы дайындау барысында тақырыптың өзектілігіне жан-жақты талдау жүргізілуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі кемінде 25 ғылыми мақаланы қамтуы керек, олардың кемінде 50%-ы соңғы бес жылда жарияланған шетелдік ғылыми мақалалар болуы тиіс.
Мақаладағы пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары:
Ғылыми журналдағы мақала:
Бір автор:
Автор, А. А. (Жылы). Мақаланың атауы. Журналдың атауы, Томы(нөмірі), беттер аралығы. DOI
Екі немесе одан көп автор:
Автор, А. А., Автор, Б. Б., Автор, С. С. (Жылы). Мақаланың атауы. Журналдың атауы, Томы(нөмірі), беттер аралығы. DOI
Кітап:
Бір автор:
Автор, А. А. (Жылы). Кітаптың атауы (басылымы). Баспа. DOI/URL
Екі немесе одан көп автор:
Автор, А. А. & Автор, Б. Б. (Жылы). Кітаптың атауы (басылымы). Баспа. DOI/URL
Кітап тарауы:
Автор, А. А., Автор, Б. Б. & Автор, С. С. (Жылы). Тараудың атауы. Е. Е. Редактор & Ф. Ф. Редактор (ред.), Кітаптың атауы (xx–xx-бб.). Баспа. DOI/URL
Газеттегі мақала:
Автор, А. А. (Жылы, күні айы). Мақаланың атауы. Газеттің атауы. URL
Интернет-ресурстар:
Автор, А. А. (Жылы, күні айы). Мақаланың атауы. Газеттің/журналдың атауы. URL
Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу кезінде Mendeley библиографиялық менеджерін пайдалануға болады.
Транслитерацияланған жазба төмендегі құрылымға сәйкес рәсімделуі тиіс (журналды халықаралық дерекқорларға енгізу үшін қажет):
Автор(лар) (транслитерация) → (жылы жақша ішінде) → мақала атауының транслитерациясы [мақала атауының ағылшын тіліндегі аудармасы тік жақша ішінде] → дереккөз атауының транслитерациясы (немесе бар болған жағдайда оның ресми ағылшын тіліндегі атауы) → жарияланым туралы мәліметтер ағылшын тілінде.
Мысалы:
Golant Ye., Zhilinskiy A.P., Sakharov S.A. (1977) Osnovy fiziki plazmy [Fundamentals of Plasma Physics] (Moscow: Atomizdat), pp. 47–64. (in Russ.)
Мақаланың соңында авторлар CRediT (Contributor Roles Taxonomy) таксономиясына сәйкес әрбір автордың зерттеуге қосқан үлесі туралы мәлімдемені ұсынуы тиіс.
Жариялау құны – 60 000 теңге
Төлем деректемелері:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Пошта индексі: 050040
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71
БСН: 990140001154
КБе: 16
«First Heartland Jýsan Bank» АҚ
ЖСК (теңге): KZ19998CTB0000567141
ЖСК (АҚШ доллары): KZ40998CTB0000567151
БСК: TSESKZKA



