БЕРЕЛ АЙМАҒЫНАН ТАБЫЛҒАН АДАМНЫҢ СҮЙЕК ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЕЖЕЛГІ ПАТОГЕНДІ МИКРОАҒЗАЛАРҒА ПАЛЕОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Л.З. Мусралина Лаборатория популяционной генетики РГП «Институт генетики и физиологии» КН МОН РК, Алматы, Казахтан https://orcid.org/0000-0001-8591-890X
  • Н.К. Алтынова Лаборатория популяционной генетики РГП «Институт генетики и физиологии» КН МОН РК, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-3239-2822
  • Э.М. Хусаинова Лаборатория популяционной генетики РГП «Институт генетики и физиологии» КН МОН РК, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-3254-3125
  • Ж.А. Жаниязов Лаборатория популяционной генетики РГП «Институт генетики и физиологии» КН МОН РК, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-0893-8162
  • Б.О. Бекманов Лаборатория популяционной генетики РГП «Институт генетики и физиологии» КН МОН РК, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-2232-0481
  • З.С. Самашев Государственный историко-культурный заповедник-музей «Берел», Восточно-Казахстанская область, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-7171-3003
  • Л.Б. Джансугурова Лаборатория популяционной генетики РГП «Институт генетики и физиологии» КН МОН РК, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-6745-9903

Аңдатпа

Соңғы онжылдықтары геномика саласында ежелгі ДНҚ-ны зерттеуде және ежелгі ағзалардың толық геномдарын қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге жеткізген жоғары өнімділігі бар секвенирлеу нәтижесінде үлкен өзгерістер болды. Бұл саланың жаңадан пайда болған тармағы, ежелгі патогендердің геномикасы, микробтардың эволюциясын терең зерттеуді ұсынады, бұл адамға байланысты қоздырғыштардың молекулалық қазба жазбалары. Бұл жұмыс Қазақстанның Алтай өлкесінен жиналған ежелгі адамдардың тістерін зерттеуден алынған ежелгі патогендер бойынша алынған нәтижелері. Шығыс Қазақстан аймағынан 2005-2018 жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде іріктелген  27 индивидке ежелгі патогенді микроағзаларды зерттеу мақсатында палеогенетикалық анализ жасалынды. Зерттеу нәтижесінде Берел қорғанынан Enterobius vermicularis, Escherichia coli, Fusobacterium nucleatum, Hepatitis B Neisseria gonorrhoeae, Porphyromonas gingivalis, Streptococcus anginosus, Streptococcus gordonii, Streptococcus mutans, Streptococcus pneumaniae, Tannerella forsythia, Treponema denticola, Trichinella spiralis анықталды. Осы зерттеулердің барлығы ежелгі аурулардың қоздырғыштарын сенімді түрде анықтауды қамтиды, олар қазіргі кезде халықтың денсаулығына қатысты болып қалады. Бұрын оба мен алапестің қоздырғыштарынан басқа, көптеген патогендік микроорганизмдер қоздырған басқа да жұқпалы аурулар болғандығы айқындала түсуде. Ежелгі патогендердің генетикалық сипаттамаларын талдау гипотетикалық жаңа пандемиялар немесе індеттер тудыруы мүмкін микроорганизмдердің қазіргі штамдарының эволюциясын түсінуге мүмкіндік береді

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30