КҮМІС НАНОСЫМДАР НЕГІЗІНДЕ МӨЛДІР ӨТКІЗГІШ ЖАБЫНДЫЛАРДЫ ЖАСАУ

Авторлар

  • Г. Демеуова Национальная лаборатория Астана, Назарбаев Университет, г. Нур-Султан, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-4919-9180
  • Б. Аманжулов Национальная лаборатория Астана, Назарбаев Университет, г. Нур-Султан, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-3598-1633
  • M. Кайканов Назарбаев Университет, Школа естественных и социальных наук, департамент физики, г. Нур-Султан, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-1696-6953

Аңдатпа

Мақалада синтезделген күміс наносымдар (AgNWs) негізінде жасалған мөлдір өткізгіш жабындылардың параметрлерін эксперименттік зерттеу нәтижелері келтірілген. Күміс наносымдар полиол әдісінің құрастырылған модификациясы арқылы синтезделген. Алынған наносымдардың диаметрі 60-80 нм, ал ұзындығы 20-30 мкм. Мөлдір төсеніштерге (микроскопиялық әйнектер, 5х2,5 см2 ) AgNWs спин-коутинг арқылы салынған. Нәтижесінде мөлдірлігі 77-ден 91% -ға дейінгі әртүрлі жабындар жасалынған. AgNW-дан тұратын перколяция желісінің өткізгіштігін жақсарту үшін жабындыларды кейінгі өңдеудің екі әдісі қолданылды: дәстүрлі термиялық қыздыру әдісі (220 °C температурасында 40 c), сондай-ақ төменгі температуралы әдіс - AgNWs-дың ток өткізгіш қабатының бетіне PEDOT:PSS қосымша жабындысын салу. Өткізгіш жабындысының 91% мөлдірлігінде термиялық қыздыру беттік электрлік кедергіні 380-нен 43 Ом/шаршыға дейін төмендетуге мүмкіндік беретіні анықталды. PEDOT:PSS қосымша жабындысын термиялық өңдеусіз жағу жабындының беттік кедергісін 19 Ом/шаршыға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл кезде мөлдірлігі 88%-ға дейін елеусіз төмендейді . Өткізгіш жабындылар мөлдір қыздырғыш ретінде сыналды. 12 В потенциалдар айырмасы кезінде жеткен максималды температура 140 ° С болды

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-29