ЫСТЫҚ ПОЛЯРЛАНҒАН НЕЙТРОНДАР КӨЗІНДЕ 235U 0.3 ЭВ РЕЗОНАНСЫНДА БӨЛІНУІ КЕЗІНДЕГІ ЛЕЗДІК НЕЙТРОНДАР МЕН Ү-КВАНТАРДЫҚ БҰРЫШТЫҚ ШАШЫРАУЛАРЫНДАҒЫ БӨЛІНУШ ЯДРОНЫҢ АЙНАЛУ ЭФФЕКТІСІ

Авторлар

  • Д.Б. Беріков Joint Institute for Nuclear Research image/svg+xml https://orcid.org/0000-0003-0994-7666
  • Ю.Н. Копач Joint Institute for Nuclear Research image/svg+xml https://orcid.org/0000-0003-1688-6996
  • В.В. Новицкий Joint Institute for Nuclear Research image/svg+xml
  • Г.С. Ахмадов Joint Institute for Nuclear Research image/svg+xml
  • А.М. Гагарский Петербургский институт ядерной физики Национального исследовательского центра “Курчатовский институт” https://orcid.org/0000-0003-4880-4115
  • К.Ш. Жумадилов Евразийский Национальный Университет им. Л.Н. Гумилева https://orcid.org/0000-0002-0205-4585
  • Г.В. Данилян Joint Institute for Nuclear Research image/svg+xml
  • В. Хутану RWTH Ахенский университет и JCNS Юлихский исследовательский центр https://orcid.org/0000-0001-6772-8985
  • Й. Кленке Исследовательский нейтронный источник Хайнц Майер-Лейбниц
  • С. Масалович Исследовательский нейтронный источник Хайнц Майер-Лейбниц

Аңдатпа

Үштік ядролық бөліну кезіндегі Т-тақ бұрыштық корреляциялар (TRI және ROT асимметриялар) нейтрон-ядролық әсерлесу кезіндегі уақыт инвариантының бұзылуын іздеу мақсатында зерттелді. Нөлге тең емес Т-тақ эффект Ресей мен Еуропа институттарының коллаборациясы арқылы Гренобльдегі жоғары ағындық ILL ядролық  реакторда жүргізілген, 233U үштік бөлінуі кезіндегі жеңіл зарядталған бөлшектердің ұшып шығу асимметриясын (TRI) өлшеуге бағытталған экспериментте табыдлы. Эффект Т-инвариантының бұзылуымен байланысты емес, бөліну процессінің қиын механизмі және арқылы түсіндіруге болатыны анықталды. Кейінірек ROT эффект 235U және 233U  бөлінуі кезіндегі лездік гамма-кванттар мен нейтрондар үшін анықталды, алайда оның мәні үштік бөліу кезіндегі

α-бөлшектердің ұшып шығуымен салыстырғанда бір дәрежеге төмен. Осыған дейін қойылған эксперименттердің барлығы суық полярланған нейтрондармен жасалған, бұл кезде компаунд ядроның бірнеше спиндік күйлер қоспасы байқалады және олардың қосар үлесі белгілі емес.

Осы жұмыста Гархингтегі FRM-II реакторындағы POLI қондырғысында 0.3 эВ ыстық полярланған нейтрондармен 235U бөлінуі кезіндегі ROT-эффектіні өлшеуге бірінші бағыттыалған алғашқы эксперименттің нәтижелері көрсетілген. Бұл энергия 235U оқшауланған резонансына сәйкес келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-18